Қазақстанда жоғары білімі бар адамдар саны өсуі мүмкін

Қазақстанда жоғары білім бар адамдарды көбірек даярлауға екпін қойылады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Министрлік атқарып жатқан трендтерге тоқталсақ, біріншіден,  ол білімге қолжетімділікті кеңейтуге қатысты. Біздіңше, жоғары білім эксклюзивті болмауы керек, яғни «қанша керек, тек сонша дайындау» секілді бұрынғы көзқарастан алшақтау қажет. Қазіргі заманда бізге жоғары білім бар адамдарды көбірек даярлауға тиіспіз. Себебі ол адами капиталға қатысты қойылып отырған талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан елімізде білімді адамдар үлесі басым болса, бұл өз кезегінде мемлекетке көбірек пайдасын тигізеді», - деп атап өтті вице-министр жоғары білім беру жүйесін дамыту тақырыбында Астанада өткен дөңгелек үстел отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы 10 мыңға жуық орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы артты. Осы орайда ведомство бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті.

«Тағы бір бағыт жоғары білімді интернационалдандыруға байланысты. Бүгінде бұл сала маңызды трендтердің бірі болып отыр. Осы орайда Қазақстанның жүйесін білім беру хабына айналдыру мақсаты қойылып отыр», - деп тоқталды Асхат Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда Үндістан, Қытай, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Ресей және басқа елдер үшін Қазақстанның білім беру жүйесін хабқа айналдыру бағытына назар аударылып отыр. Сондықтан еліміздегі шетелдік студенттердің үлесін қысқа мерзімде екі пайыздан бес пайызға дейін арттыру жоспары бар.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)