сайыс
ozgetil.kz

Астана

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
«Шал ақын ауданының Алқаағаш негізгі мектебі» КММ
7 сынып оқушысы: Мұқаш Мағжан
Жетекшісі: Жакина Гүлмира Жолаушықызы


Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол көптің жүрегінен орын алған адам. Астана Қазақстандағы ең көркем қалалардың бірі болып саналады. Біз барлық елге Астанамен мақтана аламыз. Және тағы бір мақтанышымыз ол EXPO- 2017. Ол да Астанада өткен болатын. Оны жан-жақтан 10 млн-нан  астам адам тамашалады. Оған кеткен қаражат та біраз болды.

Қазіргі кезде Астанада түрлі-түрлі әсем ғимараттар бой көтеруде. Ол да біздің жетістіктеріміз және қазір астанада әртүрлі ұлт өкілдері тұруда. Ол біздің достығымыздың белгісі.

Астананың жүрегі - Бәйтерек. Ол Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі. Онда тағы басқа Парламент пен Үкіметке арналған әкімшілік ғимараттар бар. Хан шатыр мен Думан мәдениет сарайлары, спорт кешендері де бар. Ол қазір жылдан-жылға өсіп көркейіп келе жатыр.
Мен Астананы мақтанышпен «Әсем қалам - Астанам» деп айта аламын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)