Өлең, жыр, ақындар

Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі

Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын.
Шәкен Айманов

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.
Театрландырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.

2018 жылдың 1–ақпанында №39 «Балдәурен» балабақшасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің маман даярлаушы кафедрасының профессор-оқытушылары мен практик-психологтардың кәсіби байланысын орнату мақсатында  «Театрландырылған ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпалы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарды қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі; Г.Ж.Атақұлова  мен «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі С.Қ.Қарауылбаев ашып, кіріспе сөз сөйледі.

№39 «Балдәурен» балабақшасының ересек тобының тәрбиешісі Қ.А.Туғанбаева «Мақтаншақ қыз қонақта» театрландырылған оқу қызметін жүзеге асырса, «Волшебная вода» тақырыбында тетрландырылған оқу қызметін ересек тобының тәрбиешісі А.Қ.Орумбаева өткізді.
Семинар қатысушыларын тәжірибелі педагогтары С.Ә.Асқарова, Д.А.Искакова, Ж.А.Досполова, Р.Б.Жумадилова театр қойылымдарына арналған көрмемен таныстырып, соңынан арнайы маман-педагогтарының ұйымдастыруымен  «Қысқы түс» көлеңкелі театр қойылымын тамашалады. «Театрландырылған ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпалы» тақырыбында балабақшаның педагогтары: «Использование метода биоэнергопластики в развитие речи» тақырыбы аясында логопед: Д.С.Абзалбек. «Қуыршақ терапиясы» әдістемесі бойынша психолог: М.Н.Ускеленова.  «Мир театра глазами ребенка» тақырыбында Даанова К.Н мен А.С.Сысоева және «Кішкентай тілмаш» тақырыбында  ағылшын тілі педагогы Д.А.Бозтөреева өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында «Психология және педагогика» кафедрасының доценті п.ғ.к.Р.Қ.Керімбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында театрландырылған ойындарды қолданудың психологиялық – педагогикалық аспектілері» тақырыбында №39 «Балдәурен» балабақшасының атқарып жатқан жумыстарына психологиялық тұрғыда ақпарат берді.

Теориямен практиканы ұштастыру бағытында «Психология және педагогика» кафедрасының психология магистрлері Р.И.Сейдрахманова «Жеке тұлғаның шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыруда арт-терапияның маңызы», А.К.Дәуренбекова «Арт-терапия әдістерін оқыту үрдісінде қолдану», Мырқасымова М.А «Ертегі терапиясы арқылы баланың дамуына әсер ету» тақырыптарында семинар қатысушыларымен магистранттарды бірлестіре отырып тренингтер өткізді.

Сөз алған «Психология және педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Г.С.Имамбекова мен Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері: Г.Е.Естаева және  Ш.Ж Байгараева қорытынды сөз сөйлеп, семинар ұйымдастырушыларын мадақтау қағаздарымен марапаттады.

Семинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтары театрландырылған ойын іс-әрекетін психологиялық жұмыста қолдану тәжірибесімен танысып, «Психология және педагогика» кафедрасының оқытушылары мен практик-психологтармен байланыс жасалды.

№39 «Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Мұхамбеталықызы Б.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз