Селен және теллур

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Орындаған: А-51 топ студенті Тень Виталий Владимирович
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

Селен мен теллур бұрыннан белгілі. 1782 жылы венгр химигі Мюллер фрон Рейхенштейн «ақ алтын» рудасын зерттей келе жаңа элементпен жұмыс істеп жүргендігін білді. 1798 жылы Клапрот Мюллердің жаңа элемент ашқандығын дәлелдеп оны Жердің құрметіне теллур деп атайды («tellus» грекше - «жер»). Селенді 1817 жылы Берцелуис ашқан. Ол атақты швед химиктері ашқан үш элементтің бірі болады (Се, Sе,Тһ). Грипегольмедегі (Швеция) күкірт қышқылды зауытына барып, Берцелуис мыс колчеданын күйдіретін пештің қабырғасындағы тұнған қызыл  даққа көңіл аударады. Осы дақты зерттей келе Берцелуис барлық қасиетті жағынан теллурға өте ұқсас жаңа элемент ашады. Оны селен  деп атады (селен грекше - Ай).

Селен мен теллурдың аздаған мөлшері көбінесе рудалар мен кендерде кездеседі және химиктер осы элементтермен жұмыс істеуге бұрыннан әдетттеніп кеткен. Бірақ, селен мен теллурдың кең тарағн техникалық қолдануын кейінгі уақытта тапқан. Олардың негізгі қолдану  аймақтары жартылай өткізгіштік техникада, химиялық өнеркәсіп пен металлургия  болып табылады.

Селеннің тамаша қасиеті – өзінің электрөткізгіштігін жарыққа байланысты өзгертеді – бұл  қасиет ХІХ ғ. табылған.

Теллурдің атомдық салмағы сол кездегі химиктер үшін толғанарлықтай сұрақ туғызды. Анықтағанда теллурдың атомдық салмағы иодтікінен үлкен екендігін көрсетті, ондай жай периодтық заңға сәйкес емес болды. Д.И.Менделеев осы сұрақтың жауабын болашақ зерттеушілерге қалдырды. Бұл жай қазіргі белгілі  - Те –І  атом салмақтарының сәйкестіктері кең тараған көптеген ауыр изотоптармен байланысты.

Физикалық және химиялық қасиеттері

Селен мен теллур периодтық жүйенің негізгі VІ тобына жатады (күкірттің  аналогтары болып табылады), электрондық қабатының құрылымы:  Селен – 2, 8, 18, 6. Теллур  - 2, 8, 18, 18, 6.

Селен мен теллур өз қосылыстарында күкірт сияқты теріс 2 валентті және +4,+6  валенттіліктерді көрсетеді.

Селен үшін келесі модификациялар белгілі.

Аморфты селен. Селеннің бұл түрін Н2SеО3 күкіртті газбен қалайы гидрозинмен және басқа да тотықсыздандырғыштармен  тотықсыздандыру арқылы алады. Аморфты селен – қызыл түсті ұнтақ. Сұйытылған Н2SеО3 ерітіндісінен тотықсыздандыру арқылы алынған  селен оңай коллоидты ерітінді түзеді.

Балқыған селенді тезсуытса 500С, әр түрлі аморфты формасынтүзеді. Осы түрінәйнек (шыны) тәрізді селндеп атайды – қатты әйнектің жылтырыбар зат.

1. Моноклинді селен элементтік селен ерітіндісін күкірт көміртекпен буландыру арқылы алынады және ол екі түрде болады: α-форма қызыл немесе сарғыш қызыл кристалдар. Β- форма – қою қызыл кристалл.

2. гексагональды (металдық) селен селеннің басқа түрлерін балқығанға дейін қыздыру арқылы алынады.

Егер балқыманы жай суытса және оны бірнеше уақыт 180-2100С температурады ұстаса, онда нәтижесінде сұр гексагональды селеннің кристалдары алынуы мүмкін. Осы кристалдардың беті – қоғасынды – сұр және күңгірт болады.

Селеннің гексагональды модификациясы натрий селенсульфатының қаныққан ерітіндісін суыту арқылы да түзіледі:

2SеSО3 ↔ Nа23 + Sе

Селеннің барлық модификациясы бөлме температурасында тұрақты. Іс жүзінде селеннің аморфты және гексагональды түрлерімен жұмыс істейді. Кристалдары селен мен теллурдың шексіз тізбектерінен құралған  (dSе-Sе=2,32Ǻ, dТе-Те =2,32 Ǻ).

Әдебиеттер тізімі:

1. Ферсман А.Е. Редкие металлы. 1932, № 4-5.
2. Сажин Н.П., Меерсон Г.А. Редкие элементы в новой технике // Хим. наука и пром., 1956. Т.І, № 5.
3. Меерсон Г.А. и Зеликман А.Н. Металлургия редких металлов. Метиаллургиздат, 1954.
4. Зеликман А.Н., Самсонов Г.В., Крейн О.Е. Металлургия редких металлов. Металлургиздат, 1954.
5. Тронов В.Г. Кклад русских ученых в химию редких элементов. Изд. Знание, 1952.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах. Изд. АН СССР, 1950.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)