http://a-brands.kz/

Алматыда Ахмет Жұбановқа арналған кітап жарыққа шықты

Алматыда қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, композитор Ахмет Жұбановқа арналған жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Кітап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Өнегелі өмір» сериясы бойынша шығарылған. Әйгілі композитор, өнертану ғылымының докторы, профессор Ахмет Жұбановқа арналған кітаптың тұсаукесер рәсіміне академик Ажар Жұбанова, Абай атындағы опера және балет театрының директоры Асқар Бөрібаев, М.Әуезов атындағы орталық мұражайдың директоры Диар Қонаевтар қатысты.

Ахмет Жұбановтың қызы Ажар Жұбанова кітаптың шығуына мұрындық болған Ұлттық университетке және де үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтты.

«Ахмет Қуанұлы өзінің соңынан талай талантты шәкірттер тәрбиелеп, қазақтың музыка өнерінің дамуына талмай еңбек етті. Қазақтың халық музыкасын ерекше сүйіп, өмірінің соңына дейін зерттеп өтті. Соңынан көптеген этнографиялық зерттеулер, көркем очерктер мен халық шығармашылығынан мыңнан астам ән мен күйді жазып алып, нотаға түсірді. Ахмет Жұбанов Қазақ музыкалық мәдениетін қалыптастырған тұлға, және де бүгінгі «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітап ұрпақтарымызға алтын мұра болып қалары ақиқат», - деді ол.

Жиын барысында көпшіліктің назарына композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)