http://a-brands.kz/

Маңғыстау -киелі түбек!

Маңғыстау- киелі түбек, тұнып тұрған тарих .Киелі түбектің киесі неде, алыстан ем іздеп келушілер әулие Бекеті пір тұтады, ол қайдан келген қасиет, төңірегі тола жазу даланың қандай адуынды дастан жырлары бар, құндылығы рухани жаңғыртылып жүрме? Бұл сансыз сауалдардың жауабын жіпке тізгендей жеткізейін мен.

Өлкеміздің ғұлама жазушысы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Маңғыстау - ашық аспан астындағы ашық мұражай сандығы.Өйткені, өлкеге табан тіреген әрбір жолаушының жолдасы әуелі Алла кейін, Пір Бекет рухы әулиелер қолдаған қасиетті мекен.Әйтсе де, қадір-қасиетін ешкім дөп басып айта алмайды.Анығы Бекет атаның ислам дінін тарату мақсатында Мекке-Мединеден шығып, Маңғыстау жерінде мәңгілік қалып қойған деген аңыз бар.360 әулиенің қандай керемет жасағаны жөнінде де нақты дерек жоқ.Әйтеуір,аңызақ желі шипасын беріп, қапырық даласы дертіне дауа болған. Сол арқылы кісілер рухани дүниесіне азық алады,құлағының құрышы жыраулар үнімен көмкеріледі.Көзін көргендер кіші жүз руы Адайдың ұраны да Бекет деседі. Адай десе көпшілігі  үрке қарайтын халық,әлі күнге дейін, Маңғыстауды қаһарлы мінезімен қабылдайды.Міне,  біздегі мінездік қасиет қайсарлығымен мықты.Нәтижесінде, елмен елді татулыққа біріктіріп,экономика бастауы болған Ұлы жібек жолы да осында жатыр.Діни, ғимараттар мен қырдағы Пір Бекет, ойдағы Саназар бастаған 360 әулиенің қасиеті де елге аян.Оларға өзге өңірлерден келіп  табынушылар көп.Маңғазды елдің қасиеті де осында.Сонысымен құнды да құтты мекен!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Маңғыстау тұрғындарына көп  адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет көруді армандайтындай жерде  тұру бақыты бұйырған" - деген  болатын. Сөз түбірі,  Маңғыстау  өлкесінің ғажайып ғаламатын нақтылап  жеткізген. Келбетінің өзі  ғарыштан  қарағанда  жас келіншектің мүсініне ұқсайды екен. Тарихының  тамыры Маңғыстау  жерінің  қарт Каспиі талайларды  таң қылып келеді.Түртсең тау -тасы сөйлейтін  табиғаты және  бар.Табиғатты ұйқыдағы аруға теңеген Әбіш Кекілбаев "Сен оны емес,олмені оқып тұрғандай,түптеп келгенде бір кітап дерсің" - деп суреттейді.Өлкенің өлмес қасиетін, тұмса табиғатын сөзіне арқау еткен тұлғалардың бірсыпырасы мына кісілер :Қырымның қырық  батырын алты ай жырлаған Мұрын жырау, Сүйінғара Абыл мен Қайқының жеті қайқысын айтқан Қалнияз аталарымыз, Сүгір мен Қашағанда елдің  ақ қарасын қашанда қашап айтқан.Бәрін  айтсам сарқылмас қазына. Әр қайсысы Маңғыстаудың  дерекке толы керек деректері.Қазір  ел қасиетінің құндылығын дәріптеп жатқан  арналар мен желідегі ашылған парақшалар заманауи жаңғыртулар деп білемін. Айталық төл арнадағы сапалы бағдарламалар әр ауылдың тарихын, жұмбақ қырларын  көрсетіп,  түбектің киелі  жерлерін айшықтап келеді.Сондай-ақ орталық музейдегі тарихи жәдігерлер өткен ғасырдан сыр шертіп  тұр.Келушілер  саны да жоғары.Қарапайым  тұрғындар өлкеден көміліп қалып,  енді  табылып жатқан құнды заттарын орталық мұраға табыстап жатады.Ел қасиетін ұлықтаған ел ағалары мен апалары, тіпті  жастарда рухани жаңғыру  мақсатында белсенділік  көрсетуде.Ең бастысы -білгісі келген кісіге рухани  сусын  тегін.

Бұл елдің экономикасы да қайнап жатыр.Маңғыстау  десе ел  аузына түсетін  мұнай-газ,  59 кен орнымен әйгілі.Өңірде  мұнайдан бөлек мыс, темір, магнит, уран элементтері ел  игілігіне қызмет  көрсетіп келеді.Яғни, Экономикалық даму қарқыны бойынша көш бастап тұр.Бұл дегеніміз елдің ел болу жолындағы қарекетінің мықтылығын көрсетеді.Өйткені халықтың ауызы бір, жүрер жолдарының мақсаты анық және  айқын.Бұл Бекет ата мен қасиетті әулиелердің шарапаты тиіп  жатқандығы деп  білемін.

Тақырыпқа оралсақ, бұл  жердің асты да бай.құт дарыған әулиелі ел.Сондықтан да туған өлкем, қасиетті мекенім, қуат берер Маңғыстауымды мақтанышпен айта аламын.Лақап аты шибөрі болған Адайдың ұрпақтары киелі жердің құдіретіне  нұқсан келтірмейді және олай болуына еш негіз жоқ.Қалай десекте, Маңғыстау -киелі түбек!  Қасиетін халық әлдеқашан мойындаған.

Зейнеп Таңжарқызы 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)