ozgetil.kz

«Hummer» автомобиль маркасының тарихы

Hummer оп-оңай жүріп өтетін жермен кез келген көлік түрі кедергіге тап болуы мүмкін. Бұл көлік түрін күш пен энергия, еркіндік пен қуатпен теңейді.

Hummer көлігі көпшілікті қызықтырады. AM General компаниясы жасап шығарған америкалық азаматтық жол талғамайтын танымал марканың табысқа жету тарихы қандай?

AM General компаниясы әскери және азаматтық бағыттағы көлік құралдарын шығаруға маманданған. Уақыт өте келе марканың құқығы General Motors солтүстік америкалық корпорацияға сатылды. Hummer брендінің шығу тарихы 1979 жылдан бастау алады. Ол кезде америкалық әскерилер заманауи әмбебап жол талғамайтын көлік құралына мұқтаж болды. Көлік кез келген кедір-бұдыр жерден оп-оңай өтіп, тұрақты, габариті шағын және әуе тасымалдайтын қасиетке ие болуы тиіс еді.

Жол талғамайтын көлік келесі мамандандырылған түрлемдердің негізі болады деп жоспарланған. Бұл көлік HMMWV M998 деген кодтық атау алды. Көптеген сынақтардан кейін, 1983 жылы HMMWV M998 Америка армиясының қолданысына енгізілді, ал AM General бір данасы 20 000 доллар болатын көтерме бағамен дәл осындай 55 мың көлікті жасау үшін 5 жылға тапсырыс алды. Америкалық сарбаздар қысқарған әріптерден құралған атауы үшін жол талғамайтын көлікті Humvee (Ха́мви) деп атап кеткен. Оны жүргізу ыңғайлы әрі кез келген жерден оңай өтетін болған, түрлі үлгідегі қарулар мен бағыттар үшін көптеген арнайы түрленімдерге ие еді. Ол 20 ғасырдың соңында АҚШ-тағы әртүрлі маңызды жауынгерлік әрекеттерге қатысты, сол арқылы әлемді мойындата білді. Бұл Humvee-ге жаңа өмір сыйлап, оның азаматтық түрленімін жасап шығаруға ықпал етті. Парсы шығанағындағы әскери операциялар кезінде әлемдегі барлық телеарналар америкалық жол талғамайтын көліктердің құм төбелерде оп-оңай жүріп, сарбаздар мен қару-жарақтарды тасып жатқандығын көрсетті. Мұның барлығы шынайы әскери жағдайда болды. Мұның барлығы көптеген техника әуесқойларға ұнай бастады. AM General жол талғамайтын көлікке түскен тапсырыстардың көптігін, соның ішінде жеке компаниялардың, ауқатты адамдардың берген тапсырыстарын есепке ала отырып, оның азаматтық түрленімін шығару туралы шешім қабылдаған. 1992 жылдың соңында AM General бұл көліктің жаппай өндірісін қолға алып, Hummer деген атпен азаматтық түрленімін сатылымға шығарды. Жол талғамайтын көліктің алғашқы нұсқасы H1 деген атауға ие болды. Дәулетті адамдарға арналған жаңа «ойыншықтың» бастапқы бағасы әскери түрленімінен бір жарым есеге қымбат болып, 46-54 мың долларды құрады. Бұл әлеуетті сатып алушыларды шошытты, сондықтан 1992-1993 жылдары 40 мың данасы ғана сатылды. Hummer әуелгі кезден Голливуд жұлдыздарының арасында танымалдылыққа ие болды. Жұлдыздардың арасында ең алғашқы болып Арнольд Шварценеггер оның бірінші түрленімін, сондай-ақ одан кейінгі бірнеше маркаларын, соның ішінде сумен жасайтын моторы бар Hummer H2 түпнұсқалық көлігін сатып алды. Кейін келе жол талғамайтын көліктің аталмыш маркасының табынушылары тобына актер Сильвестр Сталлоне, продюсерлер Стивен Спилберг пен Джордж Лукас қосылды. Сонымен қатар, Hummer өзінің ең алғашқы әскери маркасының арқасында Таяу Шығыс, Қытай және ТМД елдерінде де қолдауға ие болды.

Айта кеткен жөн, Hummer H3 соңғы түрленімдерінің бірін Калининградтағы зауытта жинаған. Ең алғашқы Hummer H1 түрленімінің негізгі үш вариациясы болған: жұмсақ орындығы бар купе, қатты орындығы бар төрт есікті әмбебап және Alpha кузовындағы вариация. 

Қалғандары аса танымал бола қоймаса да, бірақ соған қарамастан Америка әскер құрылымы тарапынан жақсы сұраныс тудырды. Осылайша, екі есікті пикап нұсқасы әуе шабуылдауына қарсы құралдар үшін немесе әскерлер мен жүктерді тасымалдау үшін шасси ретінде пайдаланылды. Армияда артқы жағы қиғашталған төрт есікті нұсқа да болды. Оны slantback деп атады. Ол шынайы әскери Humvee көлігіне ұқсас еді. Оның техникалық сипаттамаларының арасында түрлі үлгідегі қозғалтқыштарын атап өтуге болады. Hummer H1 бөлшектерінің көп бөлігі Humvee-ден қалған. Оларға тежегіш жүйесі мен жақтауды, осьті жатқызуға болады. Бірақ, қандай өзгеріс болса да, оның басты артықшылығы – компания таңқаларлық өтімділікті сақтап қала білді. Жайлылығы онша болмаса да, Hummer H1 қалған барлық жағынан бәсекелестерін шаң қақтырды. Hummer H1 2006 жылға дейін шығарылды. 2000 жылы General Motors Детройттағы автосалонда Hummer-дің келесі түрленімін таныстырды. Аталмыш моделге Н2 белгісі берілді. Ол өте жайлы, ішкі дизайны мен стилі көзтартарлық еді. 325 л.с.V8 Vortec 6000 қозғалтқышының, толықтай дәнекерленген рамасының, жүрістік бөлігінің күшейтілгенінің, түнде көру мүмкіндігі жүйесінің арқасында Hummer Н2 экстремалды жағдайда қолдану үшін жарамды еді. Hummer H2-нің максималды жылдамдығы 160 км/сағатқа жоғарылады. АҚШ-та қолжетімді Hummer H2 жиынтықтылауы 49 мың доллар тұрды, ал Hummer H1 100 мың доллардан астам қаржыны құрайтын еді. 2004 жылдың соңында жұртшылықтың назарына көп күттірген Hummer H3 ұсынылды. Hummer H3 2010 жылға дейін шығарылды. Оның габариті Hummer H2-мен салыстырғанда шағын болғанымен (ені 1,98м., биіктігі 1,87 м., ұзындығы 4,80 м. және салмағы 2,2 тонна), танымалдылығы мен фирмалық әскери стилі сақталып қалды. Chevrolet Colorado және GMC Canyon түрлендірілген шассиі мен көлемі 3,5-5,3 литрді құрайтын V-8 бензиндік қозғалтқышы Hummer Н3-тің негізі саналды. Hummer Н3 қозғалтқышы мен көлемінің арқасында басқа моделдерге қарағанды әлдеқайда үнемді болды. Бұдан бөлек, Hummer қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудара отырып, бірнеше модельдерді жасап шығарды. Осылайша, жоғарыда атап өткен сумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар Hummer H2H моделінен бөлек, 2006 жылы Лос-Анджелестегі перспективтік өндіріс конкурсында Hummer O2 бірінші орын иеленді. Бұл түрленім ауаны ластамай, оны көмірқышқыл газынан тазартатын сипатқа ие. Көліктің шанақ (кузов) панелі сумен және теңіз балдырларымен толтырылған, олар күн сәулесінің көмегімен көмірқышқыл газдарды жаңқалап, оттек қосатын. 2008 жылғы дағдарыстан кейін Hummer көліктеріне деген сұраныс айтарлықтай төмендеп, General Motors оның сатылымына алаңдады. 2010 жылы Қытайдың Sichuan Tengzhong Heavy Industrial Machinery Co компаниясымен ұзақ жүргізілген келіссөздерінен кейін марканың құқығын сатып алу туралы алдын ала келісімге қол қойылды. Алайда, жаңа ертегі орындалмай қалды. Қытайдың ресми органдарының кесірінен келісімге қол қойылмады. 2010 жылдың мамырында соңғы Hummer жинақталды, оны жасауға атсалысқан бөлімшелер таратылды. Осылайша, нағыз ер-азаматтар арасында танымал болған жол талғамайтын көлік маркалы бар-жоғы 18 жыл өмір сүрді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)