DJI MavicAir — дрондар нарығындағы DJI-дің кезекті жеңісі

DJI — таңғажайып компания. Міне, бірнеше жылдардан бері оның өнімдеріне тек өз өнімдері ғана бәсекелес болып келеді. Алайда дәл осындай жағдайда да компания өздерінің жаңа дрондарына орын тауып бере алып отыр. DJI MavicAir 23 қаңтарда, Нью-Йорк қаласында таныстырылды, ал оның сатылымдары 28 қаңтарда басталды. Бұл дрон өзінің бағасының арқасында нарықты өте сәтті табысты орын алды және басқа да бірнеше себептермен онда өте ұзақ уақыт тұрақтайтын болады.

Біреуден ілгері, біреуден кейін

Mavic Air — бағасы 1000 долларға дейінгі DJI дрондары желісінде біреуден ілгері, біреуден кейін демекші, дәл ортасында. Қазіргі уақытта бұл баға мөлшерінде 3 дрон бар: бағалары 399 доллар тұратын(бағасы 499 доллардан бастап түсті) DJI Spark, 999 доллар тұратын DJI Mavic Pro және енді 799 доллар тұратын DJI Mavic Air. Мұндай баға саясаты әлеуетті сатып алушылардың кең ауқымды аудиториясын қамтиды (өте көп әлеуетті сатып алушыларды қамтиды), сосынMavic Air оны Spark-ты маңызды деп санамайтын, бірақ Mavic Pro-ны сатып ала алмайтын адамдармен толықтырады. Сонымен бірге Mavic Air өз қаражатына озық сипаттамалардың жеткілікті жиынтығын ұсынады.

DJI MavicAir сипаттамалары

Mavic Air техникалық жағынан Pro-дан көп кейін қала қоймайды, есесіне ол Pro-дан 41%-ға жеңіл. Air өте жинақы: жиналған күйінде ол иыққапқа, тіптенкурткаңыздың қалтасына да оңай сыйып кетеді. DJI-дің өлшемін есепке ала отырып, қызып кету қаупін барынша төмендету үшін дронның салқындату жүйесін жаңартты. Сонымен бірге, Mavic Air-дің өлшемі іс жүзінде желге қарсыласу дәрежесіне әсер еткен жоқ. Дрон 30 км/с-қа дейінгі жел екпінінде ауада қалыптап тұра алады. Air сондай-ақ кедергілермен соқтығысу қаупінен қорғаныс жүйесімен жабдықталған, ол 7 камерадан және жаңартылған софттан (бағдарламадан) тұрады. Соңғысы енді дронды тек кедергілердің алдында тоқтатып қана қоймайды, сонымен қатар дрон кедергіні айналып ұшып өтетіндей етіп, оның жолын әлдеп түзетеді. Басқа да негізгі сипаттамалары төмендегідей:

— Ең жоғары жылдамдығы 68 км/с

— Бір қуатталуы жеткілікті болатын ұшу уақыты 21 минут

— Әрекетінің ұзақтығы 4 км

— Камераға арналған 3-осьтік тұрақтандырғыш

— Ажыратымдылығы 12 Мп1/23″ CMOS сенсор

— 4056×3040 пиксель фотоға түсіру, HDRқолдау

— Бейнетүсірілім жасау: 4K/30fps, 2,7K/60fps, FHD/120fps

Түбегейлі өзгеріске ұшырамаған тек бір ғана нәрсе – дронның жұмыс істеу уақыты. Бұл жерде де MavicAir дәл ортадан орын алады, өйткені ол Spark-қа қарағанда 5 минут көбірек, ал MavicPro-дан 6 минут азырақ жұмыс істейді.

DJI Mavic Air сәтсіз GoPro Karma дронының орнын басты, оның бағасы қазіргі кездегі Air-дің бағасымен бірдей болатын. Көбінесе DJI-дің жетістікке қол жеткізуінің арқасында солтүстік америкалық нарықта GoPro дрондарының сатылымы аса жақсы бола қойған жоқ, содан кейін компания квадрокоптерлер нарығынан мүлде шығып қалды. Алайда DJI үшін бұл жеңіс тек «шайқастағы» жеңіс болып табылады, біз оның «соғыстағы» жеңісін қамтамасыз ететін идеялар компанияның арсеналында әлі де бар екендігіне сенімдіміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)