сайыс
ozgetil.kz

Баланы тәрбиелеуде және дамуындағы дене шынықтыру

МКҚМ "Балдырған"ясли-бақшасы» Дене шынықтыру нұсқаушысы: Дарибаева Ұлбосын Білім саласы: Денсаулық Бөлімі: Дене шынықтыру Тақырыбы: Баланы тәрбиелеуде және дамуындағы дене шынықтыру іс- әрекетінің рөлі. Мақсаты: 1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту. 2. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. 3. Бала денесін шынықтыру. 4. Балалардың жүру, жүгіру. секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту. 5. Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру. Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа-райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында нұсқаушы жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, жұмыстарын тексеруге тиіс. Спорт нұсқаушысы мен тәрбиеші медбике балалармен жұмысты тығыз бірлікте жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудағы ерекшеліктері Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің қызметін жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: ағзаның тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі жетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру негізіне мыналар жатады: балалар күтімі және өсуіне қолайлы мәдени-гигеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы,баланың жасына, ауа-райына ыңғайлы киінуі, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Дене тәрбиесін ұйымдастырудың бұл формалары дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды. Мектеп жасына дейінгі балаға дене тәрбиесін беруде қимылды ойындардың орны ерекше. Қимылды ойындар бұлшық еттерді ғана іске қосып қоймайды, баланың бүкіл ағзасының, ішкі құрылысының қызметін, зат алмасуын күшейтіп, психикасының дамуына да ықпал етеді, жалпы денсаулығын нығайтады. Қимыл әрбір іс-әрекеттің негізін құрайды, тиімді ұйымдастырылған қимыл икемділікке, күштілікке, үйлесімділікке, әдемілікке баулиды, жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Қимылды дамытуды жоспарлағанда мынадай жалпы қағидаларды ескеру керек: 1) жаттығуларды, ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда баланың қолынан келетін, оларды қызықтыратын, бүкіл ағзасының дамуына түгел ықпал жасайтын, бұлшық еттердің қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу; 2) ойындар мен жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу сияқты қимылдардың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын болуы керек; 3) физиологиялық жағынан әлсіз бұлшық еттерді нығайту, баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға себепкер болуы керек; 4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс. Қорыта келе айтарымыз, бала ағзасын қалыпты өсіру үшін мектепке дейінгі ұйымда баланың дене тәрбиесін ұйымдастыруға нұсқаушылар ерекше мән беруі керек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)