Машина жасаудағы мамандану мен машина жасау кезеңдері

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Мұстапа Ахмет Төребекұлы
Жетекшісі: Ибраемов Аманолла Мейрамханович
 

Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар. Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды. Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады.Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану.

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт өндірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл - технологиялық мамандану болып саналады. Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

 Пайдаланған әдебиеттер:
-  Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Машина_жасау_кешені


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...