Ұстаз – ұлағатты есім!

Ұстаздар мерекесіне және кәсіби  білімнің 75 жылдығына орай Лебяжі аграрлық – техникалық колледжінде  тарих пәнінің  мұғалімі  Қ.А.Темиржанова мен кітапханашы А.И.Елеусизова студенттермен бірге  «Ұстаз – ұлағатты есім»  атты  мерекелік  кеш  ұйымдастырды.Шара  барысында «Ұстаздарға мың  алғыс!» атты  видеоролик  көрсетілді  Колледж басшысы  Қ.Ғ.Есимов ұстаздарды мерекелерімен  шын  жүректен  құттықтап,  ақ тілегін  білдірді.  Кейінше  колледж  студенттері  ұстаздардың  назарына  концерттік  бағдарламаны  ұсынды. Айталық, Қалым Бақжан, Мамаржанова Рената, Жұмабек Айнұр  ұстаздар  туралы  өлең  оқып берді.  Жұртыбай  Аида «Ұстазым»,  Жұмабек  Айнұр  мен  Жұртыбай  Аида «Озера доброты», хор «Ұстазым менің» әндерін шырқаса, Есиргепова Диана «Шығыс биі», қыздар тобы  қазақ  биін  орындап берді. Ахметова Жаннұра мұғалімдер арасында қызықты емтихан-сайысын өткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)