Қытай ғалымдары адамның құлағын қалпына келтірудің тың әдісін ойлап тапты

Қытай елінің ғалымдары микротиямен, яғни құлағы тумысынан жоқ немесе дамуы жетілмеген бес балаға құлақ «өсіріп» берді.

Органның әрбірі пациенттердің өз жасушаларынан алынған. Құлақтың қажетті пішінін мамандар 3D-принтер технологиялары арқылы жасаған.

Статистика бойынша, әлемдегі бес мың баланың біреуі микротиямен өмірге келеді екен. Әдетте, ондай сәбидің құлағының орнына – кішкентай томпақ ісік өсіп шығады. Көп жағдайда ол қатардағы балалардың есту қабілеті нашар келеді. Бұрын микротия пластикалық хирургияның көмегімен еңсеріліп жүрген. Нақтыра айтқанда құлақ жасанды материалдардан немесе қабырғаның шеміршекті бөлігінен жасалып, басқа жалғанған.

Бірақ, жақында аталған оталар жаңа технологиялар бойынша жасала бастайды деген сенім бар. Себебі, Қытай ғалымдарының есту органын пациенттің өз жасушалары арқылы жасау бойынша тәжірибелері сәтті өткен. Ол үшін құлақтың зақымдалған микротиясынан негізгі жасушалық шеміршекті тінді (ткань) – хондроциттерді бөліп алынған. Бұдан кейін олардың орнын арнайы биобөлшектенетін қаңқамен толтырып, жалғанған құлақ үш ай бойы өсірілген. Жаңа шеміршекті тиісті қалыпқа келтіру үшін мамандар КТ-сканерлеу мен 3D-принтерде басылған пациенттердің сау құлағының моделін қолданған.

«3D-принтер – бұл жай ғана жасушаларды келтіру әдісі. Оның ең басты жетістігі – біршама жасушалардың тінді қалыптастыра алатындай жағдайға жеткізілуі. Бұған қоса тінге айналып шыға келетін ізбасар-жасушаларды енгізе білу керек. Бірақ, бұл жасушалар алдымен бөлініп алынуы тиіс. Бұл жерде оқпанды жасушалар саласындағы жетістіктердің маңызы ерекше», - дейді А.Н. Белозерский атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-химия мен биология бағытындағы ҒЗИ ғылыми қызметкері Алексей Нестеренко.

Дереккөзі: russian.rt.com


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Дархан

Қытай мықты ел ғой!

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)