Өлең, жыр, ақындар

АМЕРИКАлық психиатрлар «сэлфиді» ресми түрде психикалық ақау деп мойындады

Америка психиатрлық қауымдастығы (АПҚ) ресми түрде көпшілік сезіп жүрген нәрсенің: өзін-өзі үнемі суретке түсіре берудің (сэлфилете беруді) психикалық ақау екенін растады.

Мұндай ақау «сэлфитис» (selfitis) деп аталады. Ол өзін-өзі обсессивті-компульсивті суретке түсіре беруге және өз-өзіне деген құрметтің аздығын, жақындықтағы кемшіл тұстардың орнын толтыру үшін суреттерін әлеуметтік медиаға салуға деген ерекше құштарлықпен анықталады.

Америка психиатрлық қауымдастығының шешіміне сәйкес бұл өзгерістің үш деңгейі болады:

Шектік сэлфитис: күніне кем дегенде үш рет өзін-өзі суретке түсіру, бірақ суретті әлеуметтік желіге жібермеу.

Асқынған сэлфитис: күніне кем дегенде өзін-өзі үш рет суретке түсіріп, әр суретті әлеуметтік желілерге салу.

Созылмалы сэлфитис: тәулік бойы өзін-өзі суретке түсіруге деген ерекше құштарлық және барлық суреттерді әлеуметтік медиаға күніне алты реттен артық салу.

Сонымен қатар, жақында ғана ғалымдардың спортзалда немесе таңғы жүгіріс кезінде түскен суреттерді әлеуметтік желіге салу өте ауыр психикалық сырқат – тұлғалық қасиеттердің нарцисстік бұзылуының белгісі екенін мойындағандары белгілі болды.

Дереккөзі: 'Selfitis’ - the obsessive need to post selfies - is a genuine mental disorder, say psychologists


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер