Өлең, жыр, ақындар

Антарктиданың теңіз түбіндегі тіршілік иелері: Алғаш жарияланған суреттер

Көпшілікке белгісіз антарктиканың теңіз түбінде өмір сүретін сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың суреттері ғаламшардағы ең ұзақ материктегі өмірді қорғау қажеттілігін көрсетеді.

Төменде келтірілген суреттер Антарктидның бұрын соңды зерттелмеген теңіз түбіндегі мекендеушілерінің тұңғыш суреттері болып табылады.

Бұл сирек өсімдіктер мен суасты жануарларын «Гринпис» ұйымдастырған ғылыми экспедициясы аясында арнайы қайықпен суастына түскен  доктор Сюзанн Локхарт тапқан.

Теңіз түбінен табылған флоралар мен фауналар, бірнеше сағатқа созылған бейне материалдар арнайы зертханаларға жіберілді. Локхарт бұған дейін белгісіз болған тіршілік иелері анықталатындығына сенімді. Сондай-ақ, ол бұл табылған деректер «болашақ Оңтүстік мұхит үшін» маңызды болатындығын атап айтты.

Оңтүстік мұхит түбіндегі дропстоун. ©The Guardian суреті

«Теңіз экожүйесінің осал жерлерін анықтап және олардың орындарын АНТКОМ (Антарктикадағы тірі теңіз ресурстарын сақтау жөніндегі комиссия) тіркей отырып, біз осы өңірдегі қорғалатын теңіз аймағын құруға көмектесетін математикалық моделді жасай аламыз» , – деп түсіндірді биолог.

Антарктикалық теңіз лалагүлі.  ©The Guardian суреті

Локхарттың айтуына қарағанда, Антарктиданың теңіз түбінен сан алуан тіршлік иелерін кездестіруге болады.

«Гүлдердің диапазондары және олардың сан алуандығы, мәселен маржан гүлдер теңіз астындағы керемет бақты елестетеді» , – деді биолог. Сонымен қатар, ол кәсіби өмірінің 25 жылы ішінде не зерттеп жүргенін алғаш рет өз көзімен табиғи ортада көргенін айтты.

Антарктикалық теңіз кірпісі.  ©The Guardian суреті

«Гринпис» мамандары аталған жаңа деректер антарктикалық экожүйенің нәзіктігін түсіндіруге және жалпы ауданы 1,8 млн шаршы метрді құрайтын антарктикалық теңіз қорығын құруға көмегін тигізеді деп есептейді.

Антарктикалық теңіз лалагүлі.  ©The Guardian суреті

Өлі мүйізді маржан. ©The Guardian суреті

Оңтүстік мұхиттың теңіз түбі. ©The Guardian суреті

Оңтүстік мұхиттың теңіз түбі. ©The Guardian суреті

Алты сәулелі ауызды маржан. ©The Guardian суреті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз