Биыл 200 мыңдай мұғалімнің жалақысына 30 пайыздық үстемақы қосылады

Қазақстанда биыл 200 мыңдай мұғалімнің айлығына биыл 30 пайыздық үстемақы қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Министр Үкімет отырысында орта білім беруді жаңа мазмұнға көшу жұмыстары туралы айтып берді.

«Жаңартылған мазмұнды енгізбес бұрын бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде, одан кейін 30 пилоттық жоба апробациядан өтті. Мектептерде пилоттық жоба  ретінде енгізілген жүйенің салыстырмалы нәтижесі бойынша, білім сапасының орташа балы екі есеге өсті. 2016-2017 жылғы оқу жылынан бастап 1 сынып, былтырғы оқу жылынан бастап қосымша 2, 5 және 7 сыныптар көшсе, биылғы оқу жылынан бастап 3, 6 және 8 сыныптар кезең-кезең бойынша көшеді. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің айлықтарына 30 пайыз үстемақы қаңтар айынан бастап төлене бастады. Барлығы 200 мыңнан астам мұғалім, яғни биыл мұғалімдердің 70 пайызы қосымша ақы алатын болады. Ұстаздар қауымы атынан Елбасына үлкен қолдау білдіргені үшін үлкен рахметімізді айтамыз», - дейді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары қазіргі таңда дайын.  Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітіліп, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер әзірленген. Критериалды бағалау енгізілу үстінде.

«Бастауыш білім беру деңгейінде бірыңғай базалық оқулықтар енгізіледі. 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары қазіргі уақытта дайын. Енді сараптамадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. Оны 20 мыңнан астам адам көріп, ұсыныстарын айтып жатыр», - дейді министр.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Ляззат

Жыл сайын айтады түк өзгеріс жоқ, бағалар қатты қымбаттап жатыр

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)