10-сынып оқушыларына бизнестің қыр-сыры үйретіледі

2019 жылдан бастап 10-сынып оқушылары кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін оқитын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова айтты.

«Бұл бағдарлама министрлік тарапынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге әзірленді. Бүгінгі күні оқу бағдарламасы дайын. Оқулықтар дайындық үстінде. Жалпы оқушыларға тек пәндік білім беріп қана қоймай өмірлік дағдыларға баулу, өмірде өз орнын табуға және алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету -  бұл жаңартылған білім мазмұнының негізгі  ұстанымы. Сондықтан кәсіпкерлік және  бизнес негіздерін оқыту бүгінгі заман талабы», - деді Департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік «Атамекен» ҰКП-мен оқу бағдарламасын әзірлеу барысында оқушылардың, мұғалімдердің және бизнесмендердің пікірлерін ескерген.

«Оқулықтар бүгінгі  күні сараптамаға тапсырылды. Жалпы 10 сыныпта осы пәнді паритеттік оқу жоспары бөлігінде оқыту көзделген еді. Бірақ бізде 10-сыныпқа жаңартылған білім мазмұнын енгізу 2019-2020  жылдары жүргізіледі. Сондықтан бір жылдан кейін аталған оқулықтар  тиісті сараптамалық жұмыстардан өткізіліп, енгізіледі», - деді Шолпан Каринова.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Сығаева Майгул

Өте жақсы педогогтарды осы уақытқа дейін ешкім адам құрлы көрмеуші еді. Сіздерден сұрайтыным бұған балабақшада істейтін педогогтар кіре ма? Біз əрқашан сыртта қалып қаламыз өтініш бізде кіреміз ба?

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)