Оқулықтарды латын қарпінде басып шығаруға бюджет қаражаты шығындалмайды

Оқулықтарды латын тілінде басып шығаруға бюджет қаражаты шығындалмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова айтты.

«Нөлінші сынып оқулықтары 2020 жылдан бастап латын әліпбиінде басып шығарылады. Біз бұл жайында бұған дейін айтқанбыз. Оған мемлекеттен ешқандай қаражат шығындалмайды. Өйткені, оқулық дайындау бәсекелестік ортаға берілген. Бүгінгі күні баспалар бұл мәселемен айналысып жатыр. Толықтай алғанда «Әліппе» мен орыс тіліндегі «Букварьдың» 5 оқулығы апробациядан өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта педагогтардың аталған оқулықтармен танысуға мүмкіндіктері бар», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, баспалар оқулықтарды латын әліпбиінде басып шығаруды 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізеді.

«2020 жылға дейін уақыт бар, баспалар жұмыс істейді. Қажетті педагогикалық сараптама жүргізіледі. Латын әліпбиіне көшу 2025 жылға дейін жоспарланған және оқулықтарды сатып алуға, сонымен қатар педагогтардың біліктілігін арттыруға ғана жыл сайын қаржы шығыстары қарастырылатын болады. Жалпы, БҒМ латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді. Терминология, методология жөніндегі комиссиялардың бірнеше отырысы өтті. Латынға көшудің үлкен жоспары әзірленуде. Аталған жоспарда оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, педагогтерді дайындау мәселелері көзделген», - деді Шолпан Каринова.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)