Көңілім байтақ, Көшім бай. Шардарам менің осындай!

ОҚО Шардара ауданы Шардара қаласы
№16 колледж Г- 42 топ студентті
Оңғарбай Бақберген Даутбекұлы
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

 

Менің туған жерім – Шардара қаласы.

Шардара қаласы облыс орталығы –  Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің жағасында орналасқан. Аудан орталығы – Шардара қаласы. Қаланың аумағы 21,24 мың км2.

Жерінің аумағы 13 мың км2 (облыстың 11,1%-ын құрайды).

Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылды.

Шардара өңірі тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен. Аудан орталығы Шардара қаласының атауының өзі ғалымдардың пайымдауынша парсы тілінен аударғанда «төрт қақпа» деген ұғымды білдіреді. Яғни, ертеде бұл жер тоғыз жолдың торабы керуен жолдарының түйіскен жері болған.

Бұл Сырдария өзенінің оң жағасы. Шардара бөгені осы алқапта орналасқан.

Шардара қаласының аумағында 8 ғасырда егіншілік, қолөнермәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған. Олар: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959-68 жылдары "Сырдария" кенті аталып келді. Шардара қаласы Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады.

Аудан көлемінде орналасқан, бүгінгі күндері тарих тұңғиығына еніп, көне дәуір сырын ішіне бүгіп жатқан ескі мекендердің бірі- Сүткент қалашығы түркі тайпалары мекені екендігі анықталып дәлелденген. Шежірелі Шардарада бүгіндей сақталып қалған орта ғасырлық сирек ескерткіштердің бірі- Ұзын-ата кесенесі бүгінгі күнге алыстан мұнартады. Ол қазіргі Ұзын-ата ауылдың округі орталығынан сегіз шақырым қашықтықта орналасқан, XIV-шы ғасырдың соңы мен XV-ші ғасырдың басында дүниеге келген тарихи жәдігер. Ескі деректерге сүйенер болсақ Ақсақ Темір әмірімен салынған бұл кесенеде Орта Азияға Ислам дінін таратумен айналысқан, шын есімі Асан-ата аталған әулие кісі жерленген. Асан-Атаның Ақсақ Темірдің жақын кеңесшілерінің бірі болып, сол заманда өмір сүргенін дәлелдейтін деректер академик В.В.Бартольд еңбектерінде де ұшырасады. 1970-1980 жылдары аудан одақтық, республикалық социалистік жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Ауданның тұңғыш басшысы болып, аудандық партия комитеті I-ші хатшылығына Қауысбек Тұрысбеков, ал атқару комитетінің төрағалығына Әштар Жолдасов тағайындалды. 1980 жылдан бастап ауданның өнеркәсіп кешенінде тағы бір жетекші сала –мақта өндірісі жедел дами бастады. Сонымен қатар, бұл өңірде 23 ұлттың өкілдері мекен етеді. Шардарада «Шардара су электр станциясы» ААҚ, «Шардара мақта» АҚ, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының филиалы, «Мырзакент» АҚ, «Шардара» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты, «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Талапты» ӨК, «Шардарабалық», орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, «Автосервис» орталығы, асфальт зауыты, т. б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде.

Шардарада орталық емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша жалпы білім беретін мектептермен кәсіптік-техникалық білім беретін №16 колледж, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталық кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар.

Қазіргі уақытта Шардара ауданы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған нарықтық экономикаға толық бейімделіп меңгерген аймақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)