Сағадиев Үкімет басшысына отандық ғылымды дамыту жоспарын баяндады

6 наурыз күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті, деп primeminister.kz сайты хабарлайды.

Отырыс барысында отандық ғылымды дамыту мәселесі талқыланды. Соның ішінде, 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жоспарлары қаралды.

Бұл мәселе бойынша білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасады.

Сондай-ақ талқылауға Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшелері қатысты: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, «Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті М. Жұрынов, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев және тағы басқалары.

Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар әртүрлі салаларда, соның ішінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; энергетика және машина жасау; ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; жаратылыстану ғылымдары, өмір туралы ғылымдар және денсаулық саласындағы ғылыми зерттеулер, «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері және тағы да басқа  бағыттар бойынша ұсынылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Алма Алимбаева

Санитарклардын акшасы оспеиме

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)