Польша ЖОО-лары қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлайды.

Білім гранттары Польша Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасысындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша - 3 орын, магистратура -4 орын және докторантура - 4 орын бөлінеді. Үміткерлер білім алардан бұрын поляк тілін бір жыл оқуы тиіс.

Келісім бойынша студент тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 - 150 еуро), докторантура бағдарламасының студенттеріне шәкіртақы (шамамен 300 еуро) тағайындалады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі.

Үміткер Астанадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне келіп талап етілетін құжаттар тізімі ұсынуы тиіс. Алайда соңғы шешімді поляк тарапы қабылдайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)