http://a-brands.kz/

DATA MINING-ті меңгеру арқылы беделді жұмыс орнына орналасыңыз

Дүние жүзінің алдыңғы қатарлы консалтинг және аналитикалық агенттіктердің (McKensey, Ernstand Young және Deloitte) есептеріне сүйенетін болсақ, Data mining, яғни деректерді өндіру, 2011 жылдан бері әлемдегі ақпараттық технологиялардың тұрақты даму бағыты болып табылады. Сол себепті әлемнің жетекші жоғары оқу орындары - MIT, University of Oxford, University of Edinburgh, UC Berkeleyжәне т.б. - осы бағытта білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін елімізде дәл осы салаға қайталама назар аударылып келген. Сол себепті ақпараттық технология нарығының артта қалу қаупі туындады. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің мәліметтері бойынша, Қазақстан бойынша Data mining мамандарының тапшылығы күрт өсіп, алдағы бірнеше жылда одан ары арта өседі.

Сол себепті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған «Data Mining Boot Camp 2018» бағдарламасын жариялайды. BootCamp 2018 қатысушылары күрделі бизнес сұрақтарына жауап беру үшін алуан түрлі көздерден алынған ақпаратты алу, тазарту, талдау және визуализациялауды үйренеді. Толық курс 4 модульден тұрады. Оларды толықтай немесе бөлек игеру мүмкіншілігі қарастырылған. Модульдің ұзақтығы – бір апта.

Оқу ақысын төлейтін 15 грант қарастырылған. Алайда, Алматы қаласына жол жүру, тамақтану және тұру ақысын грант иегерлері өз қаражаттарынан қамтуы тиіс. Қатысу туралы өтініштер электронды пошта арқылы қабылданады.

Жаттықтырушылар:

Нұрлыбаева Қаламқас – «Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз ету саласында әзірлеуші ретінде он жылдан астам тәжірибесі бар. Деректерді визуализациялау саласының маманы.

Болатжан Құмалақов – «Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), бизнес-кеңесші, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы МВА дәрежесінің иегері. Ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру, бизнес-процестерді талдау және жоспарлау саласында практикалық тәжірибесі бар маман.

Мекенжайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ақпараттық технологиялар факультеті. Әл-Фарабидаңғылы, 71, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Өткізілу күндері: 2018 жылдың сәуір-мамыр айлары.

Байланысу: datamining.bootcamp@gmail.com


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)