Информатика пәнін 1-сыныптан оқыту қоғам талқысына шығарылмақ

Информатика пәнін 1-сыныптан бастап оқыту мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Министрлік білім мен ғылымды цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі - ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамытуға негізделген. Екіншісі - білім беру мен ғылымды басқару процестерін автоматтандыру, ал үшіншісі - ІТ мамандарды даярлау. Бірінші бағыт бойынша ЭЫДҰ елдерінде көбінесе бағдарламалар 1-сыныптан басталады. Бізде информатика пәні мектепте 5-сыныптан басталып оқытылған, енді биыл 3-сыныптан басталады. Сонымен қатар, информатиканы оқытуда 1-сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір жоба жасалып, қоғамда талқыланатын болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында робот техникасы бойынша элективтік курс енгізілді.

«Бірақ бізге робот техикасын барлық мектептерге дейін жеткізу керек. Бүгінгі міндет - ол аталған робот техникасы кабинеттерін құралдармен жабдықтау. Өткен жылдар ішінде 5 400 педагог, оның ішінде 730-ы робот техникасы бойынша біліктілік курстарынан өтті. 2018 жылы тағы 2 500 мұғалім оқытамыз, соның ішінде аталған бағыт та қамтылады», - деді Е. Сағадиев.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)