Астана

Астана қаласы №24 орта мектептің
11 сынып оқушысы Жандаулет Назым
Жетекшiсi: Есетова Орынша

Астана қаласында 2017 жылдың жазы, мен үшін естен кетпестей ерекше өтті. Экспо - әлемдік деңгейде болып жатқан көрме қанша жылдардан кейін біздің еліміздің бас қаласынан орын алған. Экспо 2017- бізге берер атақ даңқы мол. Еліміз осы ЭКПО-ның арқасында жарқыраған күйіне жандана түсті. Міне, болашақтың қаласы. Тәуелсіздік өмірде бейбіт өмірде, біздің болашағымыз, болашақ жастарымыздың өмірі керемет боларына сөзсіз-ақ сенімдіміз. Оған осы сәттер куә. Қаншама техника, биология, география туралы мәлеметтер сезіндік. Экспо-ның бізге берері мол. Аз уақытта тік тұрып кететін мемлекеттер көп емес. Ондай болса, Тәңірдің сыйы. Астананы 20 жылда тік тұрғызып, 25 жылда әлемге әйгілетіп, үлкен шаһарға айналдырдық. Бұл жеңіс - Елбасының жеңісі. Маңдайдан аққан тер үмітті ақтады. Міне, Экспо біздің елде. Жалпы бұл жобаның өз елімде өткеніне қуанып, мақтанып жүремін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)