Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Педагогикалық шеберлік

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы

МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының әдіскері  Егембердиева Гүлмира Балтабайқызы

Тақырыбы: «Педагогикалық шеберлік» (Жас мамандарға арналған тренинг)

Мақсаты:
1. Педагогтардың әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.
2. Педагогтардың  кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.
3. Педагогтардың кәсіптік – педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.
Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп.
Өткізілу әдісі: тренинг, қызықты сұрақтар, жаттығу.

Тренер:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым - қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді - өзіміз танимыз ба? Деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын айқындау. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін!. Бүгін біз бір - бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз. Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас ұстаздарға сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір - бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасауымыз керек.

І. Сәлемдесу: Танысу шеңбері
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімізді жақсы білеміз бе?
Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.

ІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 10-15 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші: «Ә» әрпі
Ойыншы: «Әдемі»

3.Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?

 

А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:

Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

4.«Лабиринт» жаттығуы

Жаттығудың мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау.

Суретте көрсетілгендей кез келген матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынады, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше қажет. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен  кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығады. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз. Жаттығу біткеннен кейін қатысушылар өз ойларын,пікірлерін білдіреді. 

Жаттығуды талдау:
- Ойын саған ұнады ма?
- Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?

 

5. «Бақшада» аутотренингі

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Педагогтардыі жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, педагогтар  көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

Қорытынды: "Менің алған әсерім"
Тренер: Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...