http://a-brands.kz/

Достарыңыз бен әріптестеріңіздің сізді ақымақ санауының 6 себебі

Мұндай жағымсыз қасиеттер өз бойыңыздан табылады ма, тексеріп көріңіз.

1. Үнемі ақыл беріп жүресіз

Өздерін керемет сарапшы санап, ешкім сұрамаса да «құнды» кеңестерін оңды-солды шашып жүретін адамдар әдетте ақылдан жұрдай болады. Егер адам бәрін біліп болдым, әлемге ақиқатты өзім-ақ жеткізе аламын деген ойда болса, жағдайы қиын.

Онда ол өз қателіктерін байқауды доғарып, басқаларды үнемі сынап-мінеумен жүреді. Нәтижесінде, өзінің бәріне қол жеткізгеніне сенімді болу салдарынан, дамуыдан артта қалады. Ал өзімен келіспеген адамдарды «ойы таяз, надан адам» деп есептейді. Бірақ, түптің түбінде бұл үшін қатты өкінетін болады.

Ақылды үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді.

Антон Чехов

2. Үнемі өзіңіздің ақымақ емес екеніңізді дәлелдеуге тырысып жүресіз

Бір қарағанда бәрі жақсы сияқты. Бірақ ішіңізден өзіңізді жегідей жеп жүресіз. Достарыңыз бен әріптестеріңіз бетіңізге басқаша сөйлегенімен, артыңыздан басқа әңгіме айтатын сияқты көрінеді. Ал сіз оларға алдын-ала соққы беру үшін, өзіңіздің ақымақ емес екеніңізді дәлелдеуге білек сыбанып кірісесіз.

Өз білімі мен қабілетіне сенбейтін адамдар сыртқы қолдауға және жеке басының қасиеттерін мойындауға қатты мұқтаж болып келеді. «Ақылды адам өз мақтауына лайық болғанда қуанады, ал ақылсыз адам өзгенің марапатына көңілі семіреді» деп бекер айтылмаған болар.

Өзінің ақымақ екенін түсінген ақымақ — ақымақ емес.

Фёдор Достоевский

3. Болжау қабілетіңіз өте нашар

Өрісі тар адамдар кең ойлай алмайды, болып жатқан жағдайды, оның ішінде өз өміріне қатысты жағдайларды сараптауға, болжам жасауға ұмтылмайды.

Мұндай шектеулілік трендтерге деген қызығушылықтың жоқтығынан және өмірдің жаңа жиектеріне көз жүгіртуді қаламаудан, тіпті одан қорқудан пайда болады. Жайлы ұяңыздан ешқайда шыққыңыз келмейді. Бірақ, өкінішке орай, бұл сіздің дамуыңыз бен мүмкіндіктеріңізді шектейді.

Ақылды адам алдынан шексіз мүмкіндіктерді көреді, ал ақымақ бар нәрсені ғана мүмкін деп есептейді.

Дени Дидро

4. Өзгенің ақылы сізді ызаландырады

«Ақымақ айналада ақылдылардың жиналып қалғанын бірінші байқайды» деген жақсы сөз бар. Егер сіздің айналаңызға ызаңызға тиіп, «өздерінше білгішсініп жүретін» адамдар жиналып қалса, бұл жақсы нышан емес.

Әдетте, ақылды адамдар басқалардың жетістіктерін қуанып, кемшіліктеріне көз жұма қарайды. Ал ақымақтар кемшіліктердің бәрін қалт жібермей, салыстырғанды жақсы көріп, үнемі басқаларды сынап-мінеп жүреді.

Егер даңғойлық біреуді бақытты еткен болса, онда ол адам шүбәсіз ақымақ болғаны.

Жан-Жак Руссо

5. Сіз әуелі айтасыз, содан кейін ойланасыз

Мұндай жаман әдет үнемі үлкен қиындықтар тудырады. Ақымақ адамдар төбеден түскендей сөйлей салады да, абайсызда айтылған сөздің қандай салдары болатыны жайлы ойламайды. Ал ойланбай айтылған сөз біреудің жүрегіне қанжардай қадалуы мүмкін.

Бұл әдетте терең ойлана алмайтын, мән-жайды безбендеп, қорытынды шығара алмайтын адамдарға тән. Ал одан басқа адамдар зардап шегеді. Осыдан кейін, сіз туралы қалай жақсы ойласын.

Дөрекілік – ақымақтардың тапқырлығы

Андре Моруа

6. Сіз айтқаныңыздан қайтпайтын қырсықсыз

«Ақылды — ойын өзгертер, ақымақ – айтқанынан қайтпас» деген сөз бар. Бірбеткейліктік, қырсықтық, өзінің қателескенін мойындамау, қателікке қатысты шындықты қабылдамау — жақсы емес.

Көбінесе мұндай адамдар оқиғаға қатысты бірбеткей қорытындылар шығарып, әлеуметтік желілерде өз ойының дұрыс екенін аузы көпіргенше дәлелдеп, пікір білдіргендерде жерден алып, жерге салады. Мұндай адамдармен сөз таластыру бекер. 

Ақымаққа өзінікі дұрыс емес екенін дәлелдеудің ең жақсы жолы, оған бәрін өз қалауынша істеуге мүмкіндік беру.

Генри Уиллер Шоу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)