Өлең, жыр, ақындар

«Қоғаммен байланыс» - қоғамға қажет!

Түлек атанып, мектеп тәмәмдаған әрбір жастың арманы – білікті маман дайындайтын жоғары оқу орнына түсіп, кәсіби ой-өрісті қалыптастыру. Осы ретте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы жас түлектерді ең беделді, тұлғалық құзыреттілікті қалыптастыратын, сұранысқа ие білім алуға шақырады!

«Қоғаммен байланысты» оқып-үйрену барысында қазіргі заманғы индустрияға қажетті шығармашылыққа ұмтылыс, алдағы міндеттерді жете ұғынып, ұмтылу және соған сай кәсіби тұлғалық қасиетті қалыптасады. Сондай-ақ, сіздің жеке қарым-қабілетіңізді мәшһүр етіп, беделіңізді арттыруға септігін тигізеді. Бірінші кезекте «Қоғаммен байланыс» мамандығының мақсатына тоқталып өтелік.
  «Қоғаммен байланыс» – Интернет, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары арқылы халық пен ресми билік орындарын, мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік емес ұйымдарды, банктер мен бизнес өкілдерін, кәсіпкерлік құрылымдардыбір-бірімен байланыстыратын мамандық.
  «Қоғаммен байланыс» – ақпараттық-талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы заңдар мен ресми құжаттарды халыққа түсіндіріп, экономиканың әртүрлі салалары бойынша бағыт-бағдар беріп отыратын мамандық.
  «Қоғаммен байланыс» – белгілі бір қызмет және тауар түрлерінің, идеялардың немесе жалпы ұйымдардың жағымды бейнесін жасап, қалыптастыруға және олардың абыройын жақсартуға бағытталған, мекеме, ұйым, кәсіпорынның сыртқы әлеммен өзара қатынасу үлгісін ұсынатын мамандық.
 

 Қарашаңырақ Қазақ ұлттық университетін «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бітірген түлектер бүгінде ел мақтанышына айналған білікті мамандар. Аталған мамандықты меңгеру арқылы, мемлекеттік басқару органдарында, еліміздегіжәне шетелдердегі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда, баспасөз қызметтерінде, баспасөз басқармалары мен баспасөз бөлімдерінде, PR қызметтерінде, еліміздегі және шетелдердегі саяси, маркетингтік, зерттеу және консалтинг құрылымдарында, ақпараттық-коммуникациялық құрылымдар мен жарнама агенттіктерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет-ресурстарда (Интернет-сайттарда), телеарналарда, радиоарналарда, әлеуметтік желілердегі маркетинг жүйесінде, тіпті өнер және шоу-бизнес салаларында қызмет атқарады.

Аталған сала бойынша білім алатын студенттерге ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары (PhD) мен доценттер (of Associate Professor), «Қоғамдық байланыс» (PR) саласының білікті мамандары мен аға оқытушылар сабақ береді.
   

Мың рет естігенше, бір рет көрген артық! Дұрыс таңдау жасап, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасына түс те, жарқын болашаққа жол аш!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Арманжан

Биыл мектеп бітіремін. Мамандық таңдауда жаңылыспас үшін, қоғаммен байланысты қаладым. Оның үстіне, еліміздің мақтанышты университеті "л-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың осы факультетін таңдар едім.

Лариса

қоғаммен байланыс факультетіне түсу үшін мемлекеттік грант алуға қанша ұпай жинау керек?

Арай

Осы мамандыққа түсу үшін географияны таңдай ма

Тілмаш

қызық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз