Көктем

Бір жылда төрт мезгіл бар: жаз, күз, қыс, көктем. Əр мезгілдің өз ерекшеліктері бар. Солардың ішіндегі маған ұнайтыны көктем мезгілі. Бұл мезгілде табиғат жаңарып көктей  бастайды. Әрбір келген көктем керемет бір сыйымен ерекшеленеді. Мінекей, біздің ауылға да көктем жетті. Күн жылынып қар да еріді. Таудан аққан су сыңғырлап əсем əуен орындап жатқандай.Жаңбырдың көп жаууы  қыстың кетпеймін, кеткім келмейді деп жылап тұрғанындай көрінеді. Көктемнің келуі құт берекенің, молшылықтың, ырыстың молайғаны іспетті. Халықтың аузы  аққа тиіп, көңілдері жайланып, қуанышты күйге бөленетін шағы. Көктемнің ауылдағы күйін көру бір бақыт емес пе?! Ауыл деген ырысқа толы ғой. 
 
22- наурыз болғанда ауыл адамдары орталыққа жиналып, қазан- қазан көже әзірленіп, киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылады. Ауыл адамдары тайлы тұяқтарымен  наурыз тойын тойлауға асығып барады. Көңілдерінде еш бір өкпе- реніш жоқ. Бəрі ұмытылып жақын туыстай мəз- мейрам көрісіп жүр.Неге екен ?Адамдар көктемді асыға күтеді.Мүмкін аязданшаршап жан дүниеміз өзгерістерді күтетін шығар. Жүрегіміз аяздан мұз боп қалып, сондықтан қыстың соңғы күндері көңіл- күйіміз болмайды. Ал көктем келгенде, күннің жылуы  жүректегі мұзды ерітіп, көңіліміз жайланады. 22 наурыз күні ешқандай ренішіміз қалмай, бəрі қыс пен  бірге кетіп қалып көктемдей әлемі көңіл- күйге бөленеміз. Көктем барлық адамдарға қуаныш сыйлады. Бұл мезгілдің маған ұнайтын себебі де осыдан.
 
Нәдірхан Гүлжанат Талғатқызы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Зарина

Көктем туралы жазған мақалаңыз өте керемет екен, осы мақаланы оқып отырғанда, көз алдыма ауылым елестеді.Бейне бір шын өмірде бастан кешіп жатқандай болдым. Сөз саптауыңыз, ойыңызды жетізуіңіз күшті екен. Өсе беріңіз, қаламыңыз ұштала бкрсін. Әліде сіздің қаламыңыздан туған шығармаларды оқимыз деген үміттемін.

Ақмаржан

Иә, керемет шығарма. Таудан аққан су сыңғырлап әсем әуен орындап жатқандай деген жері күшті айтылған.
Нағыз ауылдың көктемдегі жай- күйі суреттелген.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)