Өсімдік өнімдерінің пайдасы

Өсімдік өнімдері – ағзадағы негізгі биологиялық және физиологиялық процестер жүзеге асырылуы үшін керекті құнды минералды заттардың (калий, натрий, магний, фосфор, темір, кальций және т.б.) және микроэлементтердің (йод, мыс, кобальт, т.б.) құнды көзі. Минералды заттар және микроэлементтер жасуша протоплазмасының ажырамас бөлігі, ағзадағы осмостық қысым мен қышқылды реттеп, физиологиялық жағдайын қолдайды. Минералды заттардың тапшылығы, сондай-ақ шектен тыс артықшылығы ағзада елеулі функционалдық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, өсімдік өнімінің құрамында фитонцидтер, тотығу ферменттері, эфир майы, витаминдер бар. Өсімдіктер құрамындағы суда еритін витаминдер (B1, B2, B6, C, PP) ферменттердің түзілуіне қатысатын физиологиялық белсенді күрделі құрылысты органикалық заттарды түзеді, минералды заттар мен аминқышқылдарының өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады. Бұл витаминдердің жетіспеушілігі кезінде жасушадағы ферменттердің функциясы және зат алмасу бұзылады.

Өсімдік өнімдерінің арқасында адам ағзасына өзіндік дәмі және иісі бар заттар түседі. Бұл заттар тек тәбетті оятып қоймай, сонымен қатар ас қорыту сөлінің бөлінуіне жағдай жасайды және ас қорыту процесін жақсартады. Хош иісті (ароматты) заттарға көптеген өсімдіктерде кездесетін эфир майы жатады.  

Эфир майы асқазан-ішек жолдарындағы ашыту процесін тежейді, зат алмасуды асқазан-ішек жолындағы бездер секрециясын жеделдетеді. Ароматты заттар фитонцидтердің (пияз, сарымсақ, шомыр, т.б)  бөлінуі кезінде де бактерицидтік әрекет көрсетеді.

Витаминдердің көп мөлшерде болуы сау және науқас адамдар үшін бұл өнімдерді өте бағалы етеді. Әсіресе, көктемде өсімдіктер витаминдерге бай келеді. Мысалы, екіүйлі қалақайда ерте көктемде апельсин мен лимонға қарағанда аскорбин қышқылы көп болады; 20 г қалақай ағзаға керекті тәуліктік К витаминінің қажеттілігін толтырады.

Өсімдік өнімдерін шикі немесе арнайы тағамдық дайындаудан өткізіп, дәмдеуіш немесе қоспа түрінде тамаққа пайдаланады. Шикі өсімдік өнімдері иммундық қасиеттерге ие.   

Жоғарыда айтылғандардың бәрі науқас адамдардың тамақтануы үшін өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты соңғы жылдары көптеген өсімдік өнімдерін тағамдық рөлде пайдалануға ерекше мән берілген.  

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
химия-биология факультетінің 2-курс студенті
Қожамұратова Жанерке Ерболатқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

жания

қияр адам ағзасына өте пайдалы екен себебі ол витаминдерге толы өсимдік

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)