Мәңгілік ел идеясының құндылығы мен болашаққа берер бастауы

Қызылорда қаласы, үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 10 сынып   оқушысы -  Еркін Аида

Жетекшісі: Сайлауова Жамиля Қайратқызы тарих пәнінің мұғалімі. 

 

Халқымыздың ата-бабамыздан мұраға қалып, Елбасы тарапынан қайта түлеген өсиеті ‒ қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгілік ел» идеясының түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационаллды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүние танымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру.

Осы тұрғыда Елбасы тілегімен тығыз өріле жазылып, ұсынылып отырған «Мәңгілік ел» идеясы да қолдан жасалынған жасанды дүние емес, керісінше халқымыздың уақыт тезінен өтіп сыналған дәстүрлі дүниетанымын қоғам қажеттілігіне орай қазіргі жаһандану кезеңінде пайдалану мүмкіншіліктерін қарастырады.

«Мәңгілік елдегі» ұлттық-мемлекеттік идеология жүйесі – тамырын дәстүрлі дүниетанымынан алған, тарих бойы ысылған, өміршең идеологиялық жүйе. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларына араласып, еліміздің алдында тұрған барлық міндеттердің орындалуына идеялық тұрғыда әсер ете алады. Бұл тек декларация күйінде қалып, іске аспайтын алдамшы идея емес, керісінше, орындалуы үшін өзіндік механизмдері бар, жетілген, шынайы мемлекеттік жүйе.

Елбасымыз өз Жолдауында: «Тәуелсіздік пен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәігілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл ‒ әлем кеңістігіне ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» - деп еліміз тарихындағы жаңа рухани жаңғыру кезеңінің басталғанын тебірене тұрып жариялады.

«Мәңгілік ел» ең алдымен мемлекеттің ішкі жағдайларына идеологиялық тірек болып, елдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелердің оңтайлы шешілуінде билікке тірек болуы тиіс. Сонда ғана ұлттық идеологияның міндетіне сай тетік бола алады. Екіншіден, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы лайықты орын алуына жағдай жасаайтын, әлемде қалыптасқан халықаралық құқықтық нормалар мен жалпыазаматтық принциптергне қайшы келмей, адам құқығының сақталуының кепілі болуы тиіс.

Жүйелеп айтар болсақ, ұлтгық-мемлекеттік идеологияның Қазақстан халқы мен мемлекетіміздің алдында тұрған төмендегідей жеті ұстанымға топтастырылған бағытпен дамуды камтамасыз етуі шарт:

1. Қазақстан Республикасының халкын ұлтына, дініне, жынысына қарамастан, қазақ халқы төңірегіне біріктіре алуы шарт:

2. Билік пен халық арасында шынайы үндестікке негізделген тығыз байланыс орнатып, олардың арасындағы қарым-қатынасты ортақ идеология шеңберінде реттеп, бір-біріне қолдау көрсетуші біртұтас саяси организмге айналдыруы керек;

3. Елдегі демократиялық үрдістерді сактай отырып, әр түрлі саяси күштерді, әлеуметтік топтарды бір идея төнірегіне біріктірудің қуатты идеялық негізіне айнала алуы тиіс;

4. Ел халқының жағымды моральдық бейнесін жасап, оларды рухани тұрғыда тәрбиелеп, дамыған. алдыңғы қатарлы, білімді, дені сау және рухы мен ақыл-парасаты биік Қазақстан азаматының қалпын жасауда мұрындық болуы шарт;

5. Елдегі ішкі экономикалық жағдай мен халықтың әлеуметтік ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, еліміздің одан әрі дамуына мұрындық болу. Экологиялық жағдайдың жақсарып, қоршаған ортаны үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отыру;

6. Әлемдік қауымдастықта еліміздің беделін одан әрі асқақтатып, сыртқы саясатымыздың жетістіктерін қамтамасыз ету. Әлемдегі және аймақтағы халықаралық қатынас субъектілерімен қарым-қатынасты одан әрі кеңейтіп, Ел беделінің өсуіне ықпал ету;

7. Ұлттық қауіпсіздігіміз бен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етіп, Еліміздің ұлттық мүдделерінің кеңейіп, сақталуына ықпал ету және ішкі және сыртқы қатерлердің қаупін сейілтуге қауқарлы болуы керек.

 Сонымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бұл еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп қан қоймай, қазақ елінің еркін азаматтық қоғамды қалыптастыру бағытында жасаған қадамдарының жемісі екендігі анық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Жаппасов Ж.Е.  «Қазақстан-2050 стратегиясы: «Мәңгілік ел» идеясының  маңызы мен тарихи сабақтастығы http://group-global.org/
  2. Қоғам жане дәуір. Ғылыми-сараптамалық журнал №1 (45) 2015
  3. Кшибеков Д. Национальная идея и идеология. – Алматы: Эвро, 2007.
  4. Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт. «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар.  // Егемен Қазақстан. ‒  27 сəуір, сəрсенбі, 2016 жыл. №79 (28807)

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)