Өлең, жыр, ақындар

7-жасар Райан Хикман қоқыстарды өңдейтін компания құрды

Соңғы жылдары қоршаған ортадағы қоқыс жайлы мәселе жиі қозғалып жүр. Бірақ оның қаупі азаяр емес, адамдар бұрынғыдай пластик бөтелкелерді көрінген жерге лақтырып кетіп жатыр. Калифорниялық 7-жасар бала Райан Хикман жағдайды өзгертіп, басқаларға үлгі болу үшін қоқыстарды өңдейтін өзінің компаниясын құрды.

Бәрі Райанның 3 жасынан, әкесі екеуі жинай алғандарынша пластик бөтелкелерді жинап, өткізу туралы шешім қабылдаған сәттен басталды. Сол кезде Райан өзінің алғашқы бірнеше доллар еңбекақысын алған. Бұл оған қатты әсер етіп, әкесіне қоқыстарды жиі жинап, сұрыптап отыруға өтініш айтты. Содан бері Райан Хикман көшеде көрген әр бөтелкені әкесінің көлігіне тасып, жинай берді. Содан кейін олар жиналған қоқыстарды қайта өңдеу орталығына апарып, өткізетін.

7 жасқа келгенде Райан Хикман екінші шикізатты жинап, тазалап және сұрыптайтын жеке фирмасын құрмақ болды. Оны «Ryan’s Recycling Company» деп атады. Әуелі Райан әкесі екеуі көршілерінің барлық қоқыстарын жинап алды да, оларға қалған қоқыстарын қоқыс қапшығына жинай берулерін өтінді. Бұл оның алғашқы қадамы еді. Қазір «Ryan’s Recycling Company» 5 ауданда жұмыс істейді. Фирмада бар болғаны 40 адам еңбек етеді. Ал қоқыстарды сұрыптап, тазалау Хикмандардың үйінің артқы ауласында жасалады. Қазіргі уақытта сұрыпталып және тазаланған қоқыс 20 тоннадан асты!

Қоқыстан өткізуден түскен ақшаны Райан Хикман қайырымдылыққа және өзі оқып жүрген колледжге жұмсайды. Қазір Райан қайырымдылық футболкаларының жеке желісін де ұйымдастырды. Сондай-ақ, Райан Хикман Теңіз сүтқоректілерін құтқарудың Тынық мұхиты орталығының елшісі болып сайланды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз