Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
— Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек,— дейді.
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
— Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
— Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:
— Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес,—дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
— Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.
Сонда кенжесі:
— Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, қайрат-жігерге толы жүрегім бар,— дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
— Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды.
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.
Назар аудар:
Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Әбіләз
Мағыналы
Азамат
Мұрагер ертегісі ұнады