Медеубай Құрмановтың туылғанына биыл 80 жыл

Алматы облысы,Жаркент ауданында 1938 жылы қарашаның 28-інде дүниеге келген. Медеубай Шаяхметұлы Құрманов - әдебиеттанушы, ғалым, аудармашы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты.

Арпалысқа,қиындық пен қуанышқа  толы мына өмірде 46 ғана жыл қонақ болсада,артында қалған өшпес еңбектері бүгінгі жас ұрпаққа мұра.

Медеубай Құрманов тек қана әдебиеттанушы,ғалым ғана емес,сонымен қатар,мұғалімдік қызметті де қатар алып жүрген.Өзінің ақындық қасиетімен ғана шектеліп қоймай,әртүрлі мекемелерде түрлі қызметтер атқарған.

Еңбек жолы:

Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университетін бітірген (1968).

1955 - 1963 жылдары Қызылжар, Қоғалы орыс және қазақ орта мектептерінде мұғалім,

1963 жылы Алматы медициналық институтында оқытушы,

1966 - 1974 жылдары кафедра меңгерушісі,

1974 - 1978 жылдары Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер институтында доцент,

1978 - 1983 жылдары Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Білікті ғалым,айтулы ақын өзінің шығармашылық өмірінде жеткен ең үлкен жетістіктерінің бірі-неміс ақыны И.Гетенің ‹‹Фауст›› трагедиясының қазақша аудармасы.‹‹Өмір,қандай тәтті едің››атты кітапта Медеубай Құрманов жайлы былай деп жазылған екен:″Медеубай арманшыл болатын.Кездесе қалсаң-ақ қазақ пен неміс әдебиетінің арасында баяғы Абай заманынан бері үзілмей келе жатқан рухани байланыстар жайында тебіреніп,толғана сөйлейтін.Осы хақында ірі-ірі еңбектер,зерттеулер жазуды армандайтын.Неміс классиктерін қазақ тіліне түпнұсқадан тікелей аудару керектігін әрдайым баса айтушы еді″. Ақын асқақ арманына жетіп қана қоймай,артында өшпес,мәңгі із қалдырып кетті.

Ақын Медеубай ағамыз Гетенің ‹‹Фауст›› трагедиясымен ғана шектеліп қалмады,тағы да Генрих Гейненің бір топ өлеңдерін, Вилли Бредельдің прозасын аударса, «Жалын» баспасы «Ескі бақ» атты ертегі кітабын шығарған. Сондай-ақ, Клаус Шнайдердің «Алматы–Қазақстан көктемі» деген кітабынан бірнеше тарауды қазақшаға аударған. Совет-неміс жазушылары А.Реймген, Э.Ульмер, К.Эрлих, Н.Ваккердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен және «Өмір қандай тәтті едің», «Достық көпірі» деген кітаптары бар. Жарияланған осы еңбектермен ақын-аудармашы ағамыздың есімі қаншама елге танымал болса,дарынды ақынымыздың бүгінде жарияланбаған көптеген өлен жолдары бар екені белгілі.

Көзінің тірісінде Медеубай Құрманов арнайы шақырумен Германияның сыйлы қонағы болған. Бүгінгі таңда Халықаралық Венмар музейінде Медеубай Құрманов ағамызға арналған экспонаттар бар.

Медеубай Құрманов және құнды әдеби мұралары бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кеңінен насихатталып, өз жалғасын таба бермек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)