Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдердің ағылшын сабағындағы рөлі

Атырау қаласы А.С.Пушкин атындағы № 20 мектеп-лицейінің
ағылшын пәні мұғалімі Брахметова Арайлым Ғалиасқарқызы

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің озық, өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтың бойында қалыптастыру мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Әсіресе, жеткіншек ұрпақтың оқу-тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану оқушылардың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, олардың дүниетанымын, саналы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді және жалпы адамдық құндылықтарды түсіне білуге үйретеді [1].

«Мақал» сөзі араб тілінен «тауып айтылған сөз» деген мағынаны білдіреді [2].

Мақал-мәтелдер көлемінің шағындығы, мазмүнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігімен қоса барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге ерекше қонымды, ұтымды келеді. Мақал-мәтел- қай халықтың да жан-дүниесінің, мінез бітімінің, тыныс тіршілігінің айнасы. Сондықтан ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, қайта уақыт озған сайын құны артпаса кемімейді. Өйткені ақал-мәтелдердің айтары: өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.

Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиетөмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметіне байланысты, өйткеніолар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірімен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен даналығын бойында сақтап, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады. Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер өзара ұқсас: «Cut your coat according to your cloth» - Көрпеңе қарай көсіл. Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдарды салыстырып,шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді. Мысалы «East or West, home is best.»- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани мәдениетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дүниетанымын,т.б., туралы бай мағүлмат табамыз. Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады. Мысалыға Шекспирден алынған кейбір үзінділер: «Brevity is the soul of wit»- Аз сөз-алтын. Осындай ерекшеліктерді мақал-мәтелдерді аудару кезінде ескерген жөн [3].

Оқушылар мақалдарды шет тілінде неғұрлым көп білсе, соғұрлым шетел тіліндегі сөздік қоры байи түседі. Ал мақал-мәтелдердің тиімділігі сол оқушыларды жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Сондықтан шетел тіліндегі сабақтар тартымды әрі қызықты етіп өткізілуі керек.

Ғасырлар бойы ауыз әдеиетінің озық үлгілерінінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің бейнелігімен, ықшамдылығымен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де шетел тілі сабақтарында оқушыларға мақалдардың қазақша баламасын беріп, екі тілде жаттатқызу тиімді. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып,мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Мысалы: «If you agree to carry the calf, they will make you the cow»- деген мақалдың қазақша баламасы «Жұртқа күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрайды» дегенді меңзейді. Ал осы мақалды аудар десең оқушылар дәлме-дәл аударады. Мысалы: «Егерде бұзауды көтеруге келіссең, олар сиырды көтеруге мәжбүр етеді [4]»

Мақал-мәтелдер елеулі сұрыпталудың нәтижесінде аз сөз өсиет өнегелік қасиетке ие болған. Шетел тіліндегі мақал-мәтелдердің оқушыға мәні де әсерлі болып жетуіне «ана тілі» пәнінің рөлі зор. Шетел тілі сабағында оқылатын әрбір мәтінге байланысты мақал-мәтел пайдалануға болады. Әр мақалдың мәні ашылып, талданып,қорытынды жасалады. Мәтіннің түйінін мақал арқылы беруге болады. Мақал-мәтелдерді шетел тілі сабақтарында мәтінді оқу барысында, оның мазмұнына, идеясына байланыстыра отырып, пайдаланғанда жаттаңды түрде ғана үйреніп қоймай, сөйлеу тіліне пайдалана білуіне көмектесе білу керек. Мақал-мәтелдерді шетел тілінде орынды пайдалана білуге көмектесу үшін жұмасалатын жұмыстың тағы бір түрі- балалардың жаттанған, үйренген мақалдардың есебін алып отыру. Тарау бойынша өткізілген тақырыптарды еске түсіріп, ойды мақал-мәтелдермен тұжырымдауға оқушыларды даярлау қажет [5].

Мақал-мәтелдерді таныстыруда мұғалім олардың халық өмірінің, тұрмысының барлық саласын қамтығанына, көркемдік сипатына тоқталады. Осы тұста шетел тілі сабақтарында оқушылардың шетл халқының мақал-мәтелдерін оқып, олардың идеялық, көркемдік қырлары жөнінде сөз етулрі қажет. Бірқатар шетел мақал-мәтелдерін мұғалім өзі түсіндіріп,оқушылармен бірлесе отырып,ана тіліне аударып, мағынаы ұқсас келетін мақал-мәтелді айтқызуға болады.

Үйге берілген тапсырмаларда, яғни оқушыларға ұнаған мақал бойынша сурет салып келу, мақалдың тақырыбына кішігірім әңгіме жазу, жатқа атуға дайындалу сияқты жұмыстарды орындап отыруда тақырыпты терең меңгерудің негізгі жолы болып табылады [6].

Сондай-ақ, мақал-мәтелдерді қолдана отырып оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Бүл жерде оқушылар сүрақтарға жауап бергенде мақал-мәтелдерді қолдана білуі тиіс. Сабақ барысында фонетикалық жаттығу ретінде сәйкестік болып келетін мақал-мәтелдерді де қолдануға болады. Мысалы: Learn to creep before you leap.  No pains no gains.  Сабақ өтудің тағы бір тәсілі: кесте картаға бір сөзін қалдырып жазған мақалдың бірін қазақ жіне ағылшын тілінде орындап шығуға болады.

Шетел тілі сабақтарында турнир сабақ түрін қолдану өте қызықты. Әдетте мұндай сабақ түрлері бекіту сабақтарында қолданылады. Бұл әрине, мақал-міәтелдер, жаңылтпаш және жұмбақтар арқылы жүзеге асады. Мақал-мәтелдерді шетел тілі сабақтарында қолдану оқушылар үшін жаңа жұмыс түрі болмау керек, бұл үшін мұндай сабақ түрлерін жиі өткізіп отыру қажет.

Аз сөзбен мәнді де, көп ой білдіретін тұжырым болуы мақал-мәтелге тән құбылыс. Жинақталған ойды шашыратпай, бейнелі көркем сөзбен бере білген мақал-мәтелдерде бала санасында адамгершілік сезімді қалыптастыруға, жақсылыққа баулап,жетелейтін ұлағатты ой бар. Мақал- балалардың ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына жол сілтейтін қамқоршысы. Халқымыз сондықтан да «сөздің көркі- мақал деп», «мақал-мәтел- маржан сөз, қоса көрмес арзан сөз» деп әділ бағалаған.  Сонымен шетел тәлә сабақтарында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы сабақты қызықты әрі түрлендіріп өткізуге болады. Мұндағы негізгі жетістік- баланың сабаққа белсене араласуы,өз ойын жеткізуге үйренуі, сол себептен де оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында ұтымды тәсілдерді қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Қ.Шалғынбаева, Ф.Абдримов\\ «Қазақстан мектебі»2005, №5,6, 22-23б.
2. А.Тыныбекова\\«Қазақстан мектебі»2000, №7, 61-62б.
3. С.Іскендірова\\«Бастауыш мектеп»2007, №5,44б.
4. Қ.Байымбетова\\«Қазақстан мектебі»2006, №11, 38-39б.
5. А.Мұхамедсыздықова\\«Шалғын мектеп»2005, №12, 4-5б.
6. С.Жарқынбекова\\«Ұлағат»2006, №1, 17б.

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Достық туралы мақалдар

Достық туралы ұлағатты сөздер

Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер

Ұлағатты сөздер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз