Ескі айыппұлды қалай өшіреміз? Автокөлік иелеріне арналған нұсқаулық

Жол ережені бұзғаны үшін ұзақ уақыт бойы төленбеген айыппұл болса не істеу керек?

Көлік тізгіндеген жандар үшін айыппұлға ілігу жақсы жаңалық емес. Әрине айыппұлдан қорғанудың ең тиімді тәсілі жол ережесін бұзбау. Бірақ жол ережесін бұзып қойған болса ше? Оның айыппұлы тым ұзақ уақыт бойы төленбеген болса не істейміз? Мұндай айыппұлдарды, оның ішінде жол бейнекамераларымен тіркелген болса да, өшіртуге болады екен. Ең бастысы, оның ескіру мерзімі өту керек – бұл 1 жыл және 25 күн.

№1. Айыппұл деген не?

Ең бастысы айыппұлдың не екенін еске түсіріп алайық. ӘҚтК (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) бойынша бұл әкімшілік жазаның бір түрі, яғни мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Мұндай жаза құқық бұзған адамды тәрбиелеу үшін және алдағы уақытта құқық бұзбауға ескерту мақсатында қолданылады.

Әкімшілік жазалау адамға физикалық азап келтіруді мақсат тұтпайды. Сондықтан айыппұлдың азабы азаю үшін тағайындалғаннан кейін төлем жасап тастау керек. Ал егер де айыппұлыңыз ұзақ уақыт төленбеген болса, онда келесі тармаққа өте берсеңіз болады.

№2. Айыппұлды қалай арзанырақ төлеймін? 

Егер айыппұлды сізге полиция қызметкері жол үстінде жазып берген болса, онда оған 50% жеңілдік алуға болады. Егер сіз айыппұлды 7 тәулік ішінде өтейтін болсаңыз, онда 50% жеңілдік аласыз.

Мұндай жеңілдік бұрын арнайы камераларға түсіп қалған көліктер үшін қарастырылмаған болатын, қазір түзетулер енгізіліп, одан да жеңілдік алуға болады.

Айта кететін маңызды жайт: сіз құқық бұзғаныңызды мойындауыңыз керек.

№3. Айыппұлдың бар екенін қалай білеміз?

Айыппұлды ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика мен арнайы есеп бойынша ақпараттық қызмет көрсету Комитеті арқылы тексеруге болады. Бізді қызықтырып отырған тармақ «Өз айыппұлдарың жайлы біл» деп аталады. Қызметпен қолдану үшін жеке куәлік немесе төлқұжаттағы мәліметтерді енгізу қажет. Егер айыппұлдарыңыз болса, онда жүйе сәйкесінше ақпарат береді.

№4. Айыппұл жазасына байланысты қаулының орындалып жатқанын қайдан білеміз?

Енді сіздің айыппұлыңызды мәжбүрлі түрде өндіріп алу жұмыстары жүріп жатқаны жайында біліп алу керек. Бұл не деген сөз? Егер құқық бұзушы ойланбастан, айыппұл төлеуден қашып жүрсе, онда әкімшілік жазалау шарасы мәжбүрлі түрде орындату жұмыстары басталады. Бұл үрдіс екі кезеңнен тұрады: қаулыны іске асыруға өтініш жасау және оны орындау. Егер қаулы күшіне еніп, бірақ сот немесе ІІД оны сот орындаушыларға бір жылдың ішінде жолдамаған болса, онда мұндай қаулы орындалмауы тиіс. Құқық бұзушы айыппұлды төлемеуге құқылы.

Бұл жердегі маңызды мәселе, істің мәжбүрлі түрде орындатуға берілгені жайында құқық бұзушы адам ресми түрде ескертілуі керек. Яғни, сіз полициядан немесе сот орындаушыдан мөр басылған қағаз алуыңыз керек. Сондықтан да сіздің ісіңіз бойынша атқару жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайында біліп алу қажет. Мұны ҚР Әділет министрлігінің сайтының арнайы қызмет көрсетуі арқылы жасауға болады.

Егер базадағы қарыздар тізімінде сіздің аты-жөніңіз жоқ болса, онда айыппұлды да өшіруге болады. Ал егер сіз базада бар болсаңыз, онда сот орындаушы сіздің істі қарастырып жатыр деген сөз. Демек, айыппұлды өшіруге болмайды және одан құтылудың жалғыз жолы – орындаушыға хабарласу, сосын айыппұлды төлеу.

№5. Айыппұлды есептен шығаруға өтінішті қалай береміз?

Келесі қадам полицияға өтініш беруден бастау алады. Бұл құқық бұзушылық тіркелген ауданның ішкі істер департаменті болуы шарт. 1 жыл 25 тәулік өткен жазаларға ғана жарамды екені естеріңізде болсын. Айыппұлды өшіріп тастауға ӘҚтК түзетулер көмекке келеді, нақтырақ айтсақ, 889 және 890 баптар (9 қаңтардан бастап күшіне енді). Егер бұрын бұл жеңілдіктер тек полицияның жолда салған айыппұлдарына ғана жүрсе, қазір бейнекамераларға да қатысты жүреді.

Өтінішті жазбаша түрде де, «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге де болады. Ол үшін «Электронды өтініш жасау» бөліміне өтіп, форманы толтырып мәтінді файлды немесе сканерден өткен ұйғарымды қыстырып қойып, ЭСҚ (Электрондық сандық қолтаңба) қою қажет. Егер ұйғарым жоқ болса, онда бұл мәселе бойынша сәйкес аймақтың ІІД әкімшілік полиция басқармасындағы әкімшілік тәжірибе  бөлімшесіне хабарласу қажет.

№6. Өтінішті қандай формада беру қажет?

Өтініште сізге қатысты жеке мәліметтер, соның ішінде ЖСН, және әкімшілік жаза ұйғарымы жайында ақпарат көрсетілуі қажет. Осындай өтініштің үлгісін қорғаушы Джохар Утебеков өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды:

ІІД-на (аймақтық)

Аты-жөні.,

ЖСН

Тіркелген мекенжайы,

Байланыс телефондары

Ұйғарымды орындауды тоқтату туралы өтініш

«___» қаңтар 2018 жыл

Айыппұлды өтеу қажеттілігі жайында ұйғарым (ұйғарымды шығарған уақыт) бойынша мен әкімшілік жауапқа тартылдым. Ол мәжбүрлі түрде орындату үшін сот орындаушыға берілмеген.

890 баптың 1-бөліміне сәйкес егер ол заң бойынша күшіне енген күннен бастап бір жылдың ішінде орындатылмаған болса, ӘҚтК айыппұлды өтеу қажеттілігі жайында ұйғарымды орындау міндетті емес. ӘҚтК 889 баптың 4-бөліміне сәйкес ұйғарымды шығарған мекеме ұйғарымды орындауды тоқтатады және тұлғаны әкімшілік жазадан босатады. Осыған байланысты ұйғарым тоқтатылуы қажет, ал мені әкімшілік жазадан босату керек.

ӘҚтК 887 бабының 2 және 4 бөлімдеріне сәйкес ұйғарымды орындауды тоқтату мәселесін ұйғарымды шығарған мекеме 3 күннің ішінде қарастырып, сол бойынша ұйғарылым шығарылуы тиіс. ӘҚтК 887 бабының 5 бөлімі бойынша шығарылған ұйғарым дереу сәйкесінше жеке тұлғаға беріледі.

Жоғарыда айтылған бойынша СІЗДЕН:

- мені әкімшілік жазадан босатып, айыппұлды төлеу қажеттілігі жайында ұйғарымды орындатуды тоқтатуды;

- маған осы өтініштің нәтижесімен шығарылған ұйғарымның көшірмесін беруді;

- полиция базасындағы айыппұлды есептен шығаруды өтінемін.

Т.А.Ә.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Азамат Кумблатов

Оте керемет статья. Оте кушти сайт, Ар дайым керемет макалар жазасыздар. Респект автору.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)