Өлең, жыр, ақындар

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу қағидалары мен тәрбие әдістері

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4 курс студенті
Бисенғалиева Альбина Тимурқызы

Тәрбие қағидалары (принциптері) дегеніміз норма, ережелер, әзірлеу бойынша ұсыныстар, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу арқылы тәрбие процесін белгілейтін, жалпы талаптар.

Жалпы білім беретін мекемелермен бірдей тәрбие принциптері.

- Тәрбиенің өмірмен, практикамен байланыс принципі.
- Тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы.
- Бала тұлғасындағы жағымды жақтарына сүйену.
- Тәрбиенің гуманизациясы.
- Тұлғалық ыңғай жасау.
- Тәрбие процесінің барлық компоненттерінің кешенділігі, тұтастығы, бірлігі.
- Педагогикалық басшылық пен оқушылардың дербестік іс- әрекеті, белсенділігі.
- Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
- Мектеп, жанұя мен қоғамның әрекеттері мен талаптарының бірлігі.

Тәрбиенің спецификалық принциптері.

· Тәрбие процесінің түзетуге арналған бағыттылығы.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикалық-физикалық даму кемшіліктерін арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып түзету процесінде оқыту мен тәрбиенің өзара байланысын және бірлігін қарастырады.

· Тәрбиенің түсініктілігі. Тәрбие процесін оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейінде шынайы ситуацияларға жақындап ұйымдастыруды көздейді.

· Еңбекпен тәрбиелеу. Арнайы мектептің негізгі бағыттылығы – еңбекке баулу. Түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру процесінде баланың келесі қасиеттері қалыптасады: еңбекке деген ынта, әдептілік, бірлесіп жұмыс жасау, еңбек тапсырмаларын орындау процесінде бір-біріне көмек беру, өзара құрметтеу, олардың еңбек іскерліктері жетіледі.

· Тәрбиедегі жеке және дифференциалды ықпал ету. Бала тұлғасын жан-жақты зерттеу және анықталған жеке және типологиялық ерекшеліктерін есепке алып тиісті тәрбиелік әсер ету шараларын белгілеу.

· Тұлғаның қалыптасуында тәрбиешінің шешуші ролі. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар баланың сақталған мүмкіншіліктеріне сүйенуді, жеке және типологиялық ерекшеліктерді есепке алуды, сонымен қоса нақты оқушының қызығушылығын, қажеттіліктерін көздейді. Тұлғаның қалыптасуында шешуші рольді тәрбиеші алады.

· Бала тұлғасын құрметтеу және оны оған қойылатын талаппен, күн тәртібімен ұштастыру. Балаланың жеке ерекшеліктерін есепке алуды, сақталынған факторларға сүйенуді, тұлғаның жағымды жақтарына сүйенуді, сонымен қоса педагогикалық күн-тәртібін сақтау, еңбек пен дем алууды көздейтін, медициналық процедураларды қарастырады.

Тәрбие әдістері – оқушылардың қажетті-мотивациялық аумағының және санасының дамуына, мінез-құлықтың қалыптасуына, оның түзелуіне бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінің тәсілдері, жолдары.

Тәрбиенің жалпы әдістерінің жіктелуі

Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің сипаттамасы

- түсіндірмелі-репродуктивті,

- проблемалық-ситуативті,

- үйрету мен жаттықтыру әдістері,

- ынталандыру мен тежеу,

- жетекшілендіру әдістері,

- өздік тәрбие әдістері.

Тәрбие процесінде алатын орны

- тұлға санасын қалыптастыру әдістері,

- іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері және

қоғамдық мінез-құлықтың тәжірибесін

қалыптастыру,

- іс-әрекет пен мінез-құлқысын ынталандыру

әдістері.

Педагогикалық жіктеу

- мақсатталған күнделікті қарым-қатынас әдістері, іс жүзінде, дос-жаран ретінде, сенімді өзара әрекеттесу: сендіру, педагогикалық талап, құрметтеу, талдау, пікірталас, ұғыну, сенім, ынталандыру, жан ашу, қорғау, сынау,

- педагогикалық әсер ету әдістері, іс-әрекетті, балалардың мінез-құлықтарын түзету, ынталандыру және тежеу, олардың тұлғасына жақындау, оларды өздік реттеуге және өздік тәрбиеге ынталандыру.

Іс-әрекет концепциясы - тұлға санасын қалыптастыру әдістері (сендіру

әдістері),

- іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық

тәжірибесін қалыптастыру әдістері,

- іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру

әдістері.

Денсаулығының мүмкіншіліктері шектелген балалардыңnдаму ерекшеліктерін және жалпы мен арнайы педагогикада қабылданған тәрбие әдістерін еспке ала отырып (ескере отырып), арнайы білім беруде түрлі дәрежеде және түрлі ұштасуда қолданылатын олардың үш негізгі топтарына тоқталайық.

Ақпараттық әдістер: әңгіме, кеңес беру, жалпы ақпарат құралдарын қолдану, әдебиет пен өнерді, қоршаған өмірден келтірілген мысалдарды, оның ішінде педагогтың өздік мысалы, топсеруендерді, кездесулерді және т.б. қолдану. Арнайы білім берудің алғашқы кезеңіндегі әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, көркем әдебиетін оқудың тәрбиелік мүмкіншілігі жалпы білім беру жүйесіндегіден көп төмен. Сөйлеу тілінің жетілмеуі, ақыл-ойының жетіспеушілігі, тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибенің

кедейлігі дамуында ауытқуы бар балалардың көбісіне толық мөлшерде халық ертегілерінің адамгершілік-этикалық (құлық) потенциалын игеруге мүмкіншілік бермейді, өлен-мәтіндердің мазмұның түсінуге және мәнің бөліп шығаруға кедергі жасайды. Осыған байланысты үлкен тәрбиелік манызды болып визуальді (көріп тұратын) ақпаратқа сүйенуге көмектесетін әдістер саналады. Олар комментарий, педагогтың түсіндірмесімен ұштасады, сонымен қоса баланы қоршаған өмірінен мысалдарды, педагогтың өз тәжірибесін нәтижелі қолдануды көздейді. Айта кететін жай, дамуында ауытқуы бар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін педагогтың, тәрбиешінің әрекеттері, қылықтары, көзқарастары, пікірлері, көптеген уақытқа дейін еліктеу үлгісі болып саналады, балалардың алдында беделі артады.

Практикалық (тәжірибелік)-әрекетті әдістерүйрету, жаттықтыру, тәрбиелік ситуациялар, ойын, қол еңбегі, бейнелеу мен көркемдік іс-әрекет, дәстүрлі емес әдістер-арттерапия (өнер құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), иппотерапия (аттың үстінде шабу құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), киностерапия (итпен ойнау құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек) және т.б.

Дамуында ауытқуы бар балалар үшін осы әдістер тобы ең қолайлы, түсінікті болып саналады. Олар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға нәтижелі, сонымен қоса зиятында ауытқуы бар, психикалық дамуы тежелген балаларға, сөйлеу тілі мен есту қабілеті бұзылған балаларға қолдану барысында да нәтижелі болып саналады. Тәрбиенің практикалық-әрекетті «дістері әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты дағдыларының, тазалық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық іскерліктерінің, өздік ұйымдастырушы дағдыларының қалыптасуында қолданылады. Практикалық-әрекетті әдістер түрлі ақпаратты әдістермен бірге қолданылады.

Ынталандыру-бағалау әдістері (педагогикалық талап,мадақтау, талқылау, жазалау) практикалық-әрекетті варианта жүзеге асырылады. Олар балаға түсінікті сөздермен («жақсы»,«дұрыс», «жарайсын») және материалды мадақтаумен ұштасады. Мадақтаудың материалдық құндылық дәрежесі ептеп төмендей түседі: тәтті сыйлық, ойыншық – олардың бейнелі алмастырушысы (тәтті сыйлығы, ойыншықтың бейнелері бар суреттерге алмасады) – абстрактілі алмастырушы (фишка басқада мадақтау символы-жұлдызша, «+» белгісі және т.б.) – тек сөз арқылы мадақтау қолданады. Жазалау әдістері де практикалық- әрекеттік сипаттамаға ие, өйткені сөз арқылы ұрысуды қолдануға болмайды. Жеткілікті тәжірибесі мен мораль мөлшері туралы

білімдері жоқ, өзара әрекеттесу, әлеуметтік мінез-құлықтың мөлшерін білмейтін, өз әрекеттерін, эмоцияларын, қылықтарын реттей және бақылай алмайтындықтан жасалынған қылық-әрекеттер үшін көбіне жауап бере алмайды. Сондықтан да

педагог, тәрбиеші балаға ұрыспай, дұрыс істемегендігін өзінің көз-қарасымен, басын шайқаумен, «жаман», «әдемі емес», «ұят», «жағымсыз», «мені ашуландырдың, реңжіттін» деген сөздермен де білдіруге болады. Баланың дамуына байланысты жазалауда сөз арқылы. Дұрыс жасамағандығын реңжіп айтуға болады. Жазалау әдісі нәтижелі болып егер де бала жаман қылық жасағанын түсінсе ғана саналад; егер де жазалау баланың енсесін түсірмесе және физикалық ауыртпалық келтірмесе, егер де жазалау жиі қолданылмаса және оған үйреніп алу қалыптаспаса. Баланы оны қызықтыратын еңбек, іс-әрекет түрімен жазалауға болмайды, өйткені олардың құндылықтары жойылып кетеді. Көбіне іс-әрекетке, ойыеға, қарым-қатынасқа қатыстырмау-әрекетті болып саналады. Балаға дұрыс жасамағандығы туралы айтқанда да педагог, тәрбиеші дауысын көтермеу керек. Тек бала денсаулығына қауіп туған ситуацияларда ғана көтеруге болады. Пеlагог, тәрбиешінің қалыптан тыс қатты дауысы бала үшін қауіпті жағдайды, одан қорғануды білдіреді. Оқыту әдістері сияқты, дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу әдістері, біріншіден, жүзеге асырылуда өздік спецификаға ие, екіншіден, бірлесіп қолданылады өзара және оқыту әдістерімен. Тәрбие әдістерін іріктеу және жіктеу (композиция-ұштастыру) балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен белгіленеді, сонымен қоса даму бұзылысының сипаттамасы мен дәрежесімен, дамуындағы қосымша ауытқулардың ерекшеліктермен, жанұяның тәрбиелік процесіне қатысуымен белгіленеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз