Жолың болсын, жолаушы!

Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім. 

Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.

Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп, „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)