Елбасының өнегелі ой-толғамдары

Еңселі еліміздің керегесі кең, терезесі өзге мемлекеттермен тең болуына бірден бір себепкер- Елбасы Н.Ə.Назарбаев-  бүгінде əлем мойындаған сұңғыла саясаткер. Көрегенді көшбасшымыздың мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін атқарған істері ғана емес, сонымен бірге ғибрат берерлік қанатты сөздері де баршаға үлгі боларлық. Елбасының  Отан, ел тағдыры, тəуелсіздік, ұлттық сана жəне  адамдық асыл қасиеттер, өмірлік мұрат жайындағы ой- толғамдарының қай- қайсысы  болмасын, терең тағылымға, өсиет-өнегеге  толы. Олай болса,  биік парасат иесінің  қанатты сөздері сізге де ой салары сөзсіз. Оқып көріңіз!

 Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын- оның ісі.

 Маңдай термен тұздамасаң дәміңді,

Жүрегіңмен тербемесең әніңді,

Өзің-дағы ұға алмасаң мәніңді,

Өмір емес,

Көшірме ол- кәдімгі.

 Мен әлдебір қисындардан гөрі ақылға қонымды қарапайым істерді артық санаймын.

 Адамның әр ісі- жасаған барлық жақсылығы мен жамандығы кейінгі ұрпақтар тарапынан әділ бағасын алмай қоймайды.

 Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

 Өмірде нағыз табысқа – адамдарға және өз еліне пайда әкелетіндер ғана қол жеткізеді.

 Адам оқуға қабілетін жоғалтқан кезден бастап қартайғандық бел алады.

 Тұлға болу дегеніміз жауапты болу дегенді білдіреді.Ол үшін ағынмен малти бермей, белсенді болу қажет.

 Адамдар ядроның қуатын меңгеруді үйренді, бірақ өздерін басқаруды үйрене алмады. Олар адамға деген сенімін жоғалтып, ядролық қуатқа сену сеніміне ие болды.

 Адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш- жігерімен ұмтылады.

 Адам әлемнің жеті кереметінің бәрінің тарихын біліп,  бірақ ең маңызды әрі нағыз кереметті: әр алуандыққа толы дүниені біле алмауы мүмкін.

 Өзі ешнәрсеге жауап бермейтін адамның батырсынуы, батылсынуы, өзгені сынауы оп-оңай.  

 Бақ-дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады.

 Ұмтылсаң- ұтарсың.

 Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта- жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай.

 Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.

 Жас азамат өзін әрдайым жан-жақты  жетілдіріп отыруы тиіс.

 Адам кешегісімен, қазіргісімен және келешегімен өмір сүреді. Қазіргі сәт тез өтеді, тез кешегіге, өткенге айналады.Яғни, біз өмір бойы келешекке ұмтылумен ғұмыр кешеміз.

 Адамзат баласы жүздеген мың шақырым қашықтықтағы Айдың бетін зерттеді, алайда аяқасты дерлік жерде жатқан теңіз түбінің оннан бір пайызы да зерттеле қойған жоқ.

 Жаңа буын өзгерістерден қаймықпай, керісінше, өршіл, серпінді жобаларды ұсынуы тиіс.

 Өзгенің өріне шығу үшін өзің де мейманыңа төріңнен орын бер.

 Кез келген  мәселенің түп тамырына көз жіберген жөн. Құдай бізге аз сөйлеп, өзіміз сияқтыларды көбірек тыңдап және түсіну үшін бір ауыз бен екі құлақ берді.Демек, алуандылық-Жер деп аталатын планетадағы ең басты феномен.

 Тек дұрыс ұстаным табу, әлемнен нені алатыныңды және оған нені беретініңді айқын түсіну ғана тұрақты даму мен  өзге әлеммен үйлесімді қатар өмір сүрудің кепілі бола алады.

 Кəсіпқой болу деген сөз- өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі таңдай білу.Жəне оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру қажет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)