Туады ерлер, ел үшін... (“Джим” поэмасы туралы)

Ерлік...Қайтпас қайсарлық...Қажымас қайрат...Бұл батылдық пен асылдық үлгісіндей есімі аңызға айналған татардың баһадүр ақыны Мұса Жәлелге тауып айтылған теңеу секілді.Оның өмір жолы,еліне деген сүйіспеншілігі,ерлігі – білгенге ұлы өнеге ,тәрбие мектебі.Мұса Жәлел – азаттық пен патриоттықтың символы іспетті.Осындай патриот ақынның отты қаламынан от боп туған  жыр – “Моабит” дәптері – Отанға арналған  гимн тәрізді.Қапаста,өмір мен өлім арасында жатып “Татарстаным” деп соққан жүрегінен елжіретіп елі,жері туралы жыр жазу асқан ерлік,әрине,бұл – арайлап атар бостандыққа бір сәт күмән келтірмеген сенім көрінісі.“Моабит” дәптері – жыр - күрес.Әділдік іздеген жанның жүрек сырын  білдіретін туынды.Мұса Жәлел өз елінің ғана емес ,өзге елдің де сүйіп оқыр ақыны.Мысалы:менің.Осыған дейін мен татар ақындары жөнінде естіген  емеспін.Ал қазір татар елінің мұрасы,асқар бәйтеректері,асыл сөз иелері көп екенін біліп,соның ішінде Мұса Жәлелдің есімімен ғана емес,оның тұңғиығында мағыналы ойы бар көптеген туындыларымен таныстым.Соның ішінде жанымды тебірентіп,жүрегімнің қылын шерткен,көзіме жас ұялатып,көңілімнің төрінен орын алған поэмасы – “Джим”.Поэма ақынның өмір сүрген заманының айнасы.Балдырған бүлдіршіндердің бақытты балалық шақ күндерін ұрлаған әділетсіз жарлық құрбаны болған кішкентай қыз - Эмма арқылы ақын сол  кездегі барша балалардың өмірін көрсеткісі келген.Бала қиялына,қуанышына балта шауып,нұрлы жүзге қаяу салған – қанағатсыз зұлымдық.Поэманы оқып отырған оқырман құлағына қос жанардың мұңын жасымен шайып,ботадай боздап жылаған сәби үні естілері хақ:

Жападан-жалғыз қалды қыз,

Джим мен әке жоғалды.

Өткізер талай таңды қыз

Күтумен енді соларды.

Міне,осы шумақтан менің көз алдыма тоқтық пен көңілдегі қуаныштан,ата-ана жылуы мен махаббатынан шет қалған сәби елестейді...Міне,Фашистік Германияның талабына қарсы шығып ,жыр жазу Жәлел Мұсаның ерлігін айқындай түседі.Осындай ұлы перзенттерді ұлықтайтын халқы болса,Мұса Жәлел секілді дана да,дара тұлғалар көп болып,әлем әдебиетінің алар асуы асқар болар ма еді?!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)