Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл облысында кітапханалар жаппай цифрландырылуда

Облыста бүгінге дейін шамамен 6 мыңға жуық кітап цифрландырылған, ол дегеніміз Шоқан Уалиханов атындағы облыстық кітапхана басылымының жартысынан астамы.

Жамбыл облысында жалпы саны 288 кітапханажұмыс жасап тұр.Кітапханаларда барлық кітап қоры – 243 мың дананы құрайды.

Кітап қорының қызметкерлері алдымен сирек басылымдарды электронды форматқа көшіруде. Сирек басылымдар қоры 10 мыңды құрап отыр.

Сондай-ақ, электронды форматта көшіруде жергілікті жазушылар шығармаларына көп көңіл бөлінеді.

Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына орай,  жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, шығармалары цифрландырылуда. Ол үшін 8 сканер пайдаланылып отыр. 305 беттен тұратын бір кітапқа 2,5 сағат уақыт кетеді.

Бүгінгі күні 25 жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, 46 дана шығармаларының электрондық көшірмелері кітапхананың сайтына орналастырылған.

Әрине бұндай жұмыс уақытты көптеп қажет етеді, бірақ кітапты бұл форматқа көшіру бүгінгі таңда заман талабы, өйткені электронды кітаптар оқуға, әрі тасымалдауға өте оңай.

«Біздің жұмысымыз үш бағытқа негізделген. Біріншісі, әлеуметтік серіктестік. Біз қаланың барлық құрылымдарымен белсенді ынтымақтасып, сүйікті оқырман кітаптарын цифрландыру туралы өтініштерді есепке аламыз. Екіншіден, материалдық-техникалық жабдықтауға демеушілерді тартамыз. Үшіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен кітапханалардың заманауи қоғамға деген өзектілігін талдаймыз», – деп мәлімдеді тілшілерге берген сұқбатында кітапхана директоры Эльмира Абдинова.

Айта кетелік, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы еліміздің ұзақ мерзімді «2014-2020 жылдарға дейінгі Даму тұжырымдамасына» сәйкес Жамбыл өңірінің тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта баршаға қолжетімді болатын ауқымды, көпфункционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде қызмет көрсетіп отыр.

Кітапхана үкімет органдарымен, Тараз қаласының оқу мекемелерімен, мәдениет мекемелері, түрлі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этно-мәдени орталықтар, Тараз қаласының «Поколение» азаматтық қозғалысы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігі, «Жастар орталығы» жастар бірлестіктері, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығы және басқа да құрылымдармен серіктестік және келісімдік тұрақты қарым-қатынас орнатқан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар