Биыл қай сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беруге көшеді

Үкіметтің бүгінгі отырысында білім беру жүйесін дамытуды бағдарламасының жартыжылдық жұмысы қаралды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жоспар бойынша биыл бірқатар сыныптар білімнің жаңартылған мазмұнына көшетін болады.

"Өткен жылдан бастап 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алуда. Осы 2018-ші оқу жылынан бастап қосымша 3-ші, 6-шы және 8-ші сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша білім ала бастайды. Оларға арналған оқулықтар дайын. Барлығы сараптамадан өтті, басылды. Оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмысы басталып кетті", - деді Е.Сағадиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту деңгейі 93 процентті құрайды. Оған "Балапан" бағдарламасы, соның ішінде жан басына қарай қаржыландыру тетігі оң әсерін тигізді. "Электронды үкімет пен "е-әкімдіктің интеграциясы арқылы 25 қала және 6 ауданда балабақшаларға электронды түрде жолдама беру жүйесі іске қосылды. Осы жылдың аяғына дейін барлық облыстар аталған жүйеге қосылатын болады", - деп атар көрсетті Е.Сағадиев.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)