ozgetil.kz

Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл

Түлкібас ауданы,  Т.Рысқұлов ауылы
«Майлыкент» жалпы орта мектебінің
10 сынып оқушысы Шілдебайқызы Жансая
Жетекші: Айсадыкова А.Д.


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) – қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде де көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы, Қазалы уезі, Көшербай болысында 6-ші ауыл «Қарақ» деген жерде.
Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси—әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан  табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау  азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрсегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады.
Қайғысыз ұйқы ұйқтатқан, ханым-ай
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалармекен қайран жаның-ай!

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген.

Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал,тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, Абылай сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, «Садыр қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады.

Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып, тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды «әділдігі Наушарындай, жомарттығы Хатымдайдай» деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын «қырық мың атан тарта алмас» деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің.
Қырықбеске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының,
атының басын бір кезеңге тіредің!

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда, ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:
Отыз жасқа келгенде,
Дүниедей кең едің.
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде,
Сығылып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тоңның жеңі едің.
Елу бес жасқа келіпсің,
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.

Бұқар жырау Абылай ханның «бәйгелі жерде бақ болған» әйгілі батырларын «өзіңе тұғыр болған төрт тірек» деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.

Қорытынды.
 
Бұқар жырау бабамыз елді бірлікке, ынтымаққа шақырған. Бүгінгі күні Президенттің ұстап отырған саясаты елдің бірлігі, тұтастығы болса, соның барлығын Бұқар жырау кезінде айтып кеткен. Егер бізрухани жаңғырамыз десек, осындай бабаларымыздың  шығармаларын оқуымыз керек. Бұқар жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері – Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік т.б. осындай ұлы қасиетті оқушы бойына дарыту үшін Бұқар бабаны насихаттаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    М.Әуезов, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратаев, Бұқар жырау тағылымы.
2.    Бұқар жырау экциклопедиясы. Алты Алаштың ақылманы Мұхаммедрахым Жармұхамедұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
3.    Қайым Мұхаметханов Әрқилы пайымдаулар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)