ozgetil.kz

Өлеңнің құдіреті

Өлеңнің құдіреті соншалықты,сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Маған салса бар өмірімді өлең жолдарын шығаруға арнар едім.Жаным қиналған кездерде,көңіл күйім болмаған кездері бір парақ қаламымды алып жөнелетінім бар.Өлеңдерімде барлық жасырын сезімдер,өмірдің ойлы-қырлы кезеңдері жазылып,суреттеледі.Менің өлеңім ол бір бөлек дүние.Кейде бар ғой шынымен қатты қиналамын,жылағым келеді,бірақ жооқ көзімнен жас шығармаймын.Сол баяғы ақ қағазым аман болсын,барлық өлеңдерімде бір тылсым дүние,бір беймәлім көрініс жатыр.Негізі көптеген ұлы ақындар мына өмірдің ешкім білмейтін және көрмейтін өмір сызығын көреді.Өмірде болып жатқан құбылыстарға өлең шумақтары арқылы баға беріп,жырлайды.Көбісі ол кісілердің қара өлеңмен жазылған,шумақталған өлеңдерін түсінбей жатады,ия түсінем оларды тез түсініп,білу мүмкін емес,себебі көркемделген дүние.Бірақ сен мені оқып отырсың,менің сөздерімді түсіндіңбе соны айтшы? Түсіндің деген ойдамын.Ақынның,жазушының тілін тек ақын,жазушы ғана түсінеді.Тыңдарман мен ақынның арасында көзге көрінбес байланыс бар.Қара өлең ұйқасы арқылы болып жатқан оқиғаларды дұрыс жеткізгім келеді.Қазақтың сөздік қорының мол екендігін әлемге танытқым келеді.Әлемнің қанша тілі болса да,қазағымның қара майда тіліне не тең келер дейсің? Жүрекке жағымды,құлаққа қонымды өлеңіміздің құдіреті сонша,ауырғанда мені емдейді емеспе.Бұлда бір жерде жатпас дүние,бұлда бір өнер.Өзегімді өртейтін,өзек жарды мәселелер жазамын.Бұл кезеңде көбісі жаңашаланған бір тақырыпқа ғана бағытталады,мен ел қатарлы жазайын десем жүрегім қаламайды,саусақтарым қаламымды ұстамайды,міне қазіргі күйім.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)