Әлемдегі ең ұзын өзендер

Адамзат өркениетін өзендерсіз елестету мүмкін емес, себебі адамдар әдетте өзендерді жағалай қоныстануға ұмтылған. Өзендер — өркениеттің тірегі. Олар адам баласын өзінің ресурстарымен, балығы мен басқа да су мекендеушілерімен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық қажеттіліктері, мал суаратын суаттар мен егістік алқаптары үшін өзендерден су тартылады.

Қазірдің өзінде көп елдерде адамдар судан келетін қатерлерге қарамастан өзендердің аясына қоныстануға тырысады. Ал әлемдегі ең ұзын өзендер қандай?

Бесінші орынға Енисей өзені жайғасты

Енисей бір ғана өзен емес, Ангара, Селенга өзендерінен құралған бүтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Ресейде осы өзендер жүйесі ең ұзын болып есептеледі, сондықтан, ол мемлекет бойынша көлемі жөнінен бірінші орында. Жүйенің толық ұзындығы Монғолияның Хангай тауынан бастап есептегенде 5.539 шақырымды құрайды. Бұлақтар мен жылғалардан Селенга өзені бастау алып, Байкал арқылы өтеді. Байкалдан шыққанда өзеннің атауы Ангараға айналып, кейін Енисейге өтеді. Тағы да 3.500 шақырымнан соң өзен Карск теңізіне құяды. Бұл өзендер жүйесі ГЭС-ның құрылысынан кейін қатты өзгеріске ұшырап, қазіргі сәтте экологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Төртінші орында — Миссисипи – Миссури өзендер жүйесі

Солтүстік Америкадағы бұл өзендер де бүтін бір жүйені құрайды. Бірінен соң бірі ағып, жалпы ұзындығы 6.275 шақырымдық ұрайды. Бұл Солтүстік Америкадағы ең ірі өзендер жүйесі, оның бір тармағы Канадаға өтеді. Жартасты таулардан бастау алған өзендер жүйесі, құрлықты кесіп өтіп, Атлант мұхитына барып құяды. Әрбір өзен шамамен 3 мың шықырымға созылады. Сондай-ақ, Миссисипи өзенінің елеулі экологиялық проблемалары бар. Ауыл шаруашылығы нысандары мен егістіктерден шыққан улы химикаттардың кесірінен өзеннің суы қатты ластанған. Мексика шығанағына құя отырып өзен осы улы заттарды Әлемдік мұхитқа шығарады.

Үшінші орын — Янцзы өзені

Янцзы — Қытай мемлекеті бойынша ең ұзын өзен. Янцзы — қытай тілінен аударғанда «ұзын өзен» деген мағынаны береді. Өзен әлем бойынша ұзындығы жөнінен үшінші орында. Жалпы ұзындығы 6.300 шақырымды құрайтын бұл өзенді адамдар бойлай қоныстанған. Жалпы, оның бассейнінде қытай халқының үштен бір бөлігі тұрады, ал тармақтары мен кішігірім өзеншелері мемлекет аумағының бестен бірін алып жатыр. Өзен бастауын 5000 шақырым биіктіктен — Тибеттен алады. Балықтардың кейбір түрлері мен сүтқоректілердің жойылып кету қаупіне байланысты өзеннің кей бөліктері табиғатты қорғау аймағына алынған.

Екінші орында — Ніл өзені

Өркениеттің нағыз бесігі болған өзендердің бірі деп — Ұлы Мысырға нәр берген Ніл өзенін айтуға болады. Ұзындығы 6.852 шақырымды құрайтын бұл өзен бастауын 2000 шақырым биіктіктен — Шығыс Африка таулы үстіртінен алады. Бұл аймақ үнемі жауын-шашынды болғандықтан су Нілге жиналып, Жерорта теңізіне қарай саяхатын бастайды. Өзеннің төменгі ағысында оған қосымша ағындар қосылады, бірақ соңғы 3 000 шақырымды өзен шөл арқылы өтеді. Қазіргі күннің өзінде Мысыр елі тұрғындарының 97 пайызы осы өзенді бойлай қоныстанған.

Әлемдегі ең ұзын өзен — Амазонка өзені

Амазонка — әлемдегі ең ұзын өзен. Оңтүстік Америкада орналасқан осы ұлы өзен туралы балалар мектеп кезінен-ақ біледі. Амазон ойпаты арқылы ағатын бұл ғажайып өзен осы уақытқа дейін ұзындығы бойынша екінші орында деп саналып келген. Алайда қазіргі таңда «ең ұзын, әрі ең суы мол» деп дәл осы Амазонка өзені танылды. Ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, 100 мың шаршы километрді құрайтын осы өзеннің жүйесі әлемдегі өзен жүйелерінің ең үлкені болып саналады. Амазонка өзеннің сағасы 40 мың шаршы шақырымды құрайтын Маражо өзен аралымен ерекшеленеді.

Өзендерді зерттеу әлі де болса өзінің аяқталу кезеңіне жетпеген. Осы күнге дейін олардың бастапқы нүктесін анықтап нақты ұзындығын есептеу үшін бастауларына экспедициялар аттанып жатады. Өзендердің ирелеңдігі мен жер бедерлерінің күрделілігіне байланысты олардың ұзындығын есептеу күрделене түседі. Алайда, заманауи жабдықтар мен ғалымдардың қажыр-қайраты нақты координаттарды анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар спутниктік түсірілімнің есебінен де пайдалы мәліметтер алынады. Ит тұмсығы өткісіз қалың нуда орналасқан су қоймалары кейде адамдар үшін ашық сарқырамалар мен сұлу бұлақтар сияқты түрлі тосын сыйларын да  ұсынып тұрады.

Ғаламшарымыз әлі толық зерттелмесе де, ең ірі өзендердің тізбегі сол күйі өзгеріссіз қалатын сияқты. Осы тізімді бастап тұрған өзендер: Енисей, Миссисипи, Янцзы, Ніл және Амазонка. Алайда әлемде адамдардың назарына лайықты, өзіндік ерекшеліктерімен таңқалдыратын басқа да ірі өзендер аз емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)