Өлең, жыр, ақындар

Кератит

Кератит — көздің мөлдір қабығының қабынуы. Сырқат экзогенді (пневмококк, стафилококк, стрептококк, герпес вирусы, аденовирус, саңырауқұлақтар т.б.) немесе эндогенді (туберкулез, мерез т.б.) жұқпалы факторлардың әсерінен туындайды.

Белгілері

Жарықтан жасқаншақтау, көзден жас ағу, блефароспазм, айқын перикорнеальды немесе аралас инъекция, мөлдір қабық мөлдірлігінің бұзылуы. Мөлдір қабықта нүкте, байлам, сызық тәрізді, полиморфты, оқшау немесе бірігіп кеткен, шектелген немесе диффузды, беткейлік немесе терең инфильтраттар пайда болады. Мөлдір қабық бұлыңғырланады, онда тамырлар пайда болады, сезімталдығы төмендейді не жоғалады. Инфильтраттар жойылады немесе беттерінде қарқындылығы әр түрлі тұрақты бұлыңғырлану пайда болады. Мөлдір қабықтың ойық жарасы пайда болуы мүмкін. Нейросалдану кератиті кезінде көздің қозуы мүлде байқалмайды немесе аз дәрежеде болады. Мөлдір қабықтың сезімталдығы күрт төмендейді немесе жойылады. Кейде невралгиялық ауырсынулар байқалады.

Жоғарыда айтылғандай, кератиттің туындауына әртүрлі факторлар әсер етеді, сондықтан туындау себебіне қарай әрбір түрінің белгілері мен емінің өз ерекшеліктері болады.

Емі

Экзогенді кератиттер кезінде сульфаниламидтер мен антибиотиктер тамшы не жақпамай түрінде жергілікті қолданылады: сульфацил- натрийдің 20-30 пайыздық ерітіндісі: 0,25% ерітіндісі, 1% немесе 5% синтомицин эмульсиясы не жақпамайы; 0,5% және 0,5% левомицетин ерітіндісі, 20 000 бірлік/мл пенициллин ерітіндісі т.б.

Үдеріс ауыр болғанда және ем әсер етпегенде, бұдан гөрі карқынды ем жүргізіледі.

Болжамы

Ем дұрыс және дер кезінде жасалса, беткейлік инфильтраттар әдетте толық жойылады немесе жеңіл бұлыңғырлану қалдырады. Терең кератиттер мөлдір қабықтың қандай да бір дәрежеде бұлыңғырлануына, көз жітілігінің төмендеуіне алып келеді.

Көзіңіздің саулығын ойласаңыз, аурудың белгілері байқалған бойда көз дәрігеріне қаралып, емді дер кезінде алғаныңыз дұрыс.

К. Абдиева, көз дәрігері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз