Өлең, жыр, ақындар

Жасасаң қайыр, қарыз...

  • 18.04.2015
  • 1
  • 4
  • 17630
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа,жарқыным!
Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының.
Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ.
Өмірдің қалған тамтығын.
Ақ уыз берді, қарыз деп анам айтпады,
Мойнымда әлі, әкенің қарызы қайтпады.
Қарыз демей-ақ, қамқоршым болған дос қанша,
Қайтарар едім, қайтейін, мені байытпады...
Еліме мәңгі қарыздар едім қашаннан,
Өтермін қашан?
Кетермін қайда?
Қаша алман.
Қарыз деп айтпас, қайрымды мынау өмірге,
Қарыздар болып жасалғам.
Қарыз деп айтпа, жасасаң маған қайырым,
Қайтара алмаспын, белгісіз менің байырым...
Мен деген,жолдас, жарлының жалғыз тайымын,
Ағытып болмас айылын!..



Пікірлер (4)

Aiman

Ешкімге сенбе, ешкімге сенбе жүрегім,
Көбісі арам, көбісі сараң білемін.
Осы қандай өлең шумағы. Аты қалай?

Атахан

Осы заманды болжаған ақындар екен. Атын білмедім.кешіріңіз.

Балауса

Маған осы өлеңдер ұнады!өте керемет жанр да айтылған

Пікір қалдырыңыз

Мен - донормын

  • 2
  • 3

Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да кәріңе!

Толық

Интервью

  • 1
  • 2

Біз мына қоғамменен бірге өсеміз.
Тілдесеміз, үнімен үндесеміз.
Ақиқатты айтуды бізден сұра,
Ақиқатты айтуды білмесеңіз.

Толық

Алтын адам

  • 1
  • 10

Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.

Толық

Қарап көріңіз