ozgetil.kz

Кометалар қайдан пайда болады және олар неден түзіледі?

Жыл сайын 12 тамызда түні бойы метеориттер соңына жарық із қалдыра зулай ағылып, атмосфераның ортаңғы қабатында жанып жатады. Бұл отты көрініс «Персейдің метеоритті жаңбыры» деп аталады. Жер өз орбитасымен қозғала отырып, күнді айналып жатқан метеорит ағынын — кометаның етегін қиып өтеді.

Комета дегеніміз не?

Кометаларды дәл тас астероидтар тәрізді Күннің, планеталар мен олардың серіктерінің қалыптасуынан соң қалған «өндіріс қалдықтары». Кометалар негізінен ұсақ тас бөлшектері мен тозаңды мұздан түзіледі. Кометалар өз ғұмырының көп бөлігін Күн жүйесінің шалғай тұстарын кезумен өткізеді.

Күн жүйесінің ең алыс планетасы Плутон Күннен 5,8 миллиард километр қашықтықта. Кюйпер белдеуі деп аталатын кометалар шоғыры  Плутоннан 480 миллион километр ары орналасқан. Осыған ұқсас тағы бір шоғыр Күннен 160 миллиард километр қашықтықтағы — Оорта бұлты. Шын мәнінде, Оорта бұлты кәдімгі бұлт емес, триллиондаған кометалардан құралған үлкен шоғыр. Бұл кометалар өрісте жайылып жүрген сиырлар тәрізді әр түрлі бағытта қозғалады. Оорта бұлты Күн жүйесін алып гало сияқты қоршап тұрады деген пайым бар.

Қызықты дерек: кометалар орта есеппен бір миллион жылда Күннен бір айналым жасайды.

Кометалық шоғырлардың дәлелі

Кометалардың шоғыры бар екенін дәлелдеу өте қиын. Себебі, тіпті, Оорта бұлтының арасынан зымыранмен ұшып өтіп, жол бойы бір де бір кометаны жолықтырмауыңыз мүмкін. Олардың арасын миллиондаған, тіпті миллиардтаған шақырымдар бөліп жатыр. Кометалар күннен тым алыс болғандықтан, оларға жарық өте әлсіз түседі де, олар өздерін қоршаған ғарыш кеңістігі сияқты күңгірт тартып тұрады. Күннен жырақта орналасқан кометалардың құйрықтары болмайды. Олардың түсі қылғылт-қоңыр, ал көлемі шамамен екі шақырымдай болады. Бір сөзбен айтқанда олар үлкен, кір басқан мұздықтарға ұқсайды.

Кометалардың саяхаты

Кометаның ұсқынсызыз түрі шоғырын артта қалдырып күнге жақындаған кезде көріктене бастайды. Осы сәтте ол бірден өзгеріске ұшырайды. Ол түңгі аспанда адамдардың таңданысы мен үрейін қатар тудырып, артынан ұзын жарық жолақша қалдырады. Кометаны Оорта бұлтынан бөліп шығаратын қандай күш? Әрине бұл — гравитация. Ол былайша орын алады. Күн өзінің артынан планеталар мен олардың серіктерін, кометаларды ерте отырып кеңістікте жылдам қозғалады. Күннің сапары Құс Жолы арқылы өтеді. Күнге ерген кометалардың шоғыры кейде басқа да жұлдыздарға жақын ұшады. Осылайша оның тартылыс күші Оорта бұлтына әсер етеді. Бұл өз кезегінде кометаларды өзінің әдеттегі қалпынан тайдырады.

Ол Күннің тартылыс аумағынан шығып, басы ауған жаққа кете алады. Алайда орнынан тайған кометалар көбіне Күнге қарай жол тартады. Бұл тым баяу өтетін сапар. Кей кометаларға Күн жүйесінің ішкі аумағына жету үшін бірнеше миллиондаған жылдар қажет болады.
Осындай ұзақ уақытқа созылған кометының көшуінен кейін, алдын күңгірт болып көрінген күн кометаның алдына үлкен жарқыраған диск кейпінде пайда болады.

Күннің жанынан өткен сайын комета өз мұзының 0,1 пайызын жоғалтып отырады. Мұздың булануынан кометаның артына құйрық пайда болады. Шамамен  күннің жанынан жасалған мың айналымнан кейін кометаның құрамындағы мұз толығымен жойылып, майда тастар мен тозаңы ғана қалады. 

Комета күннің радияциясының ағымын сезіне бастайды. Мұз кристалдары мен шаң бөлшектері кометаның денесінен бөлінеді, мұз буланып,   газынан кометаның құйрығы пайда болады. Күн радияциясының әсерінен кометаның құйрығы жарқырай байстайды. Комета жердің жанынан өткенде біз оны жарқыраған құйрығының арқасында бірден байқаймыз.

Комета Күн жүйесінің ішіне қайта ену үшін миллиондаған жыл бойы оны айналып жүруі мүмкін. Біз ең соңғы рет 1985 жылы көрген Галлей кометасы Күнді 76 жыл ішінде қысқарған траекториямен айналып шығады. Ол жердің жанынан өтіп, Күнді айналады да, Плутонның арғы жағына жол тарта отырып қайта Күнге оралады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)