Өлең, жыр, ақындар

Жыр-ошақ

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 15504
Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?..
Қояйын бір сапырып жыр қазанын.
Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым,
Тарғыл тасты таулардың бір қазағын.
Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп,
(Менің ойым менімен жерге сіңбек...)
Жыр-ошақтың өтемін отын үрлеп,
Қара елеңі қазақтың сөнбесін деп.
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім...



Пікірлер (2)

Жексенбиев Ғабит

Муқағали Мақатаев өлеңдері жүрегімді тебіренті

Пікір қалдырыңыз

Соңғы сағатта

  • 0
  • 4

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.

Толық

Жағымпаздар мен...

  • 1
  • 2

Жарамсақ бұлақ барып құйды құмға,
Құм оған бұлғаған жоқ құйрығын да.
Рас қой «Су аяғы - құрдым» деген,
Құм қайтсін жарамсақтың сыйлығын да.

Толық

Тілегім қайда менің көкке өрлеген

  • 1
  • 2

Тілегім қайда менің көкке өрлеген?
Жүрегім қайда менің кек кернеген?
Жүремін неге бұлай бөктерде мен?
Білемін...

Толық

Қарап көріңіз