Өлең, жыр, ақындар

Жырлар жазам

  • 18.04.2015
  • 1
  • 7
  • 25501
Жырлар жазам,
Алайда ол кімге керек?!
Жанға шипа іздеймін, тілге дерек.
Мәжнүн болып барамын күннен-күнге,
Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Жырлар жазам,
Білмеймін не берерін,
Көгерерін білмеймін, тек өлерін.
Күйінішін халқымның, сүйінішін,
Өз үнімен жырласам деген едім.
Кімге дәрі бар сыры қара бастың
Өзім ғана өзіммен жағаластым.
Қапелімде ой айдап,қиял қуып,
Барса келмес сапарға араластым.
Барса келмес сапарға араластым,
Енді артыма бұрылып қарамаспын.
Жырлар жазам, дерімді деп өлемін,
Қарсы алдында тұрсам да дар ағаштың.



Пікірлер (7)

сарқыт

Керемет.Оқи бергің келеді

Сангилбай Амина

жырлар жазам өте керемет жыр екен.

Зарина

Өте жақсы. Мен өз басым М. Макатаевтын өлеңдері қатты ұнайды

Зарина

Маған М. Макатаевтын өлеңдері ұнайды ♡♡♡.

Райана

Бұл өлең менің көңілімнен шықты!

Райана

Оқи бергім келеді

Пікір қалдырыңыз

Европа

  • 0
  • 1

Үңгірінен құлдардың,
Ұйқы басқан көне індерден,
атыла шықты, жатпады,
Таңдандырды өзін де,

Толық

Жиі енеді

  • 1
  • 2

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл
Іркіт иісі келеді мұрынға бір

Толық

Сап-сары жапырақтар

  • 1
  • 10

Сап-сары жапырақтар...
Сал-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,

Толық

Қарап көріңіз