Өлең-жыр байқауы

Жасыл құрбақа

Жасыл құрбақа — Қазакстанда кең таралған қосмекенді. Дала, шөл, шөлейттерді мекендейді. Бақадан айырмашылығы уақытының көбін судан тыс жерде өткізеді, суға тек көбею кезінде, яғни уылдырығын шашатын кезде барады. Денесінің ұзындығы 7-14 см. Терісі кедір-бұдырлы, үсті сұр немесе сұржасыл түсті. Ымырт пен түнде белсенді ұшып жүрген жәндіктерді, әсіресе қатты қанаттыларды ұзын тілімен ұстап қоректенеді. Кеміргіштер інінде, тас астында және басқа да баспаналарда қазан-қарашадан наурызға дейін қыстайды. Күйлеу кезінде аталығы ән салады, құс дауысына ұқсас ұзақ құбылған дыбыс шығарады. Аналығы мамыр-маусымда тоспа суларда 12 мың уылдырық шашады. Шыққан итшабақтары балықтар ғана емес, басқа да жануарлар үшін қорек. Сондықтан итшабақтардың шамалысы ғана кішкене құрбақаларға айналады, бірақ соның өзі, әсіресе шөлдегі құрғап жатқан шалшықтарда көп болады. Құрбақа — өте пайдалы жануарлардың бірі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз