Жүктіліктің үйреншікті үзілісі

Жүктіліктің үйреншікті үзілісі ұрықтанған күннен бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі. Егер әйелде кем дегенде екі жүктілік өздігінен түсік тастаумен аяқталса, бұл жүктіліктің үйреншікті үзілісі деп аталады.

16 аптаға дейінгі түсік — ерте мерзімдегі өзіндік түсік; 22 аптаға дейінгі түсік — кеш мерзімдегі өзіндік түсік.

Себептері

Әлеуметтік факторлар:

1. Жағымсыз әдеттер;

2. Жағымсыз өндірістік жағдайлар;

3. Отбасындағы жайсыздықтар;

4. Ауыр дене еңбегі;

5. Стресс.

Медициналың факторлар:

1. Ата-анасынын кариотиптерінің генетикалық патологиясы;

2. Эндокриндік бұзылыстар;

3. Жатырдың даму ауытқулары (жатырдың гипоплазиясы немесе инфантилизм);

4. Инфекциялық аурулар (ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары);

5. Бұрын жасалған жасанды түсіктер;

6. Гиповитаминоздар;

7. Жарақаттар.

Белгілері

Іштің төменгі жағында ауру сезімі, кейде жатырдың өздігінен жиырылуы. Қынаптық тексеруде цервикальды каналға 1-2 саусақ еркін өтеді. Жүктіліктің ерте мезгілде үйреншікті үзілуі (10-12 апта) көбіне эндокриндік жеткіліксіздіктен болады. Алдымен қағанақ суының бөлінуі
және ұрыктың ауырсынусыз туылуы.

Алдын-алу шаралары

Әр жағдайда жүктілік алдында анамнез, функционалдық диагностика, жүйке жүйесінің жағдайы, ішкі ағзалар мен эндокриндік жүйе мұқият тексеріледі. Бірінші түсіктен кейін тез арада науқасты әйелдер кеңесіне арнайы тіркеуге алып, тексеріп, патогенетикалык емдеу жүргізу керек.

Емі

Түсіктен кейінгі алғашқы 2-3 күні іштің төменгі бөлігіне суық қою, цервикальды каналдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтаған соң пенициллинді 200000 ӘБ бұлшық етке күніне 4 рет,стрептомицин 500000 ӘБ күніне 2 рет немесе сульфаниламидті заттарды (стрептоцид, сульфолимизин) 0,5-1 гр күніне 3 рет тағайындайды. 5-6 айға дейін контрацептивті заттар қолдану керек. 2-3 айдан соң жалпы демеуші ем және жалпы улбтракүлгін сәулелендіру 1-2 рет жүргізіледі.

Әйел емдік дене шынықтырумен шұғылданып, дұрыс және уақытылы тамақтану керек. Өздігінен түсік тастайтын режимі қажет. Жұмыс уақытын және демалысты дұрыс ұйымдастырып, кешенді гормондық ем жүргізу шарт.

Р. А. Қадырова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)